АҚЫН, СПОРТШЫ АТЫНДАҒЫ ТУРНИР
25.08.2017
1334
0

Спорт күніне орай Астана қа­ла­сында Үстел теннисінен әуес­қой­лар арасында турнир өтті. Сайыс­­қа «Алау» мұзайдыны сарайы және белгілі ақын, жүйрік жур­налист, қазақ күресі мен еркін кү­рестен спорт шебері Жеңіс Қаш­­қынов атындағы қор мұрын­дық болды. Қырықтан аса әуесқой спортшы қатысқан жарыста ерлер арасындағы 1 орынды Ахметбек Биятов жеңіп алды. Қыздар бә­се­ке­сінде Нұргүл Қонақбаеваға тең ке­лер ешкім болмады. 2-ші, 3-ші ор­ындарды Дәурен Қапашов, Ерлан Әнуарбеков, Мұсапирова Ай­нұр, Іңкәр Тұрсын иеленді. «Ең тә­жірибелі ойыншы» аталымын «Қа­зақстан» ұлттық телеар­на­сы­ның бас редакторы, белгілі журналист Қайнар Олжай, ал «Ең жас қа­тысушы» номинациясын Екате­рина Дремлюкова ұтып алды. Жеңім­паздар мен жүлдегерлер ар­найы дипломдармен марапатталып, ақшалай, заттай сыйлықтарға ие болды.
Турнирден кейін қатысушылар мен көрермендер қаламгердің са­лауатты өмір салтын ұстанған қы­рына байланысты құжаттар, су­реттер және шығармалары қойыл­ған көрмені тамашалады. Жас әнші Ернұр Қабдраш Жеңіс ақын­ның сөзіне жазылған «Ақ­то­ғайым – алтыным» (әні: Ескендір Хасанғалиев), «Сүйдім мен» (әні: Бағ­дат Омашев) әндерін орындады. Ақын, журналист, «Дарын» мемлекеттік жас­тар сыйлығының иегері Олжас Қа­сым бастаған жастар ақын өлең­дерін оқыды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір