Бурабайда өткен басты сұхбат
25.08.2017
1430
0

Жуырда Қазақстан Респуб­ли­ка­­сының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» телеарнасының тілшілеріне эксклюзивті сұхбат берді. Бурабайда өткен сұхбат ба­рысында мемлекет басшысы өзі­нің «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» мақаласының мәні мен маңызын тереңірек түсіндірді. Тіл­шілердің түйткілді сауалдарына байыппен жауап қайтарған Ел­басы экономикамыз бен сая­са­ты­мыз бір жолға қойылған қазіргі таң­да еліміздің рухани дүниесіне д­ұрыс көңіл бөлу – басты мәселе еке­­нін атап көрсетті. Әңгіме бары­сын­да латын қарпіне көшудің жо­­лы мен жауапкершілігі, «Туған жер» бағдарламасының өзектілігі, шетелдік үздік оқулықтарды аудару мәселесінің маңыздылығы туралы айтты. «Біз латын қарпіне кө­шу арқылы орыс тілі мен кирилл әліпбиінен біржола бас тар­тып отырған жоқпыз. Латын қар­піне ауысу – тек қазақ тіліне қа­­тысты мәселе. Ал оған асықпай, үл­кен дайындықпен, жауап­ты­лық­пен келуіміз керек», – деді Ел­басы өз сөзінде. Соңғы уақытта қол­ға алынып жатқан «Туған жер» бағдарламасы бойынша әр облыс пен аудан, ауыл әкімдері «Астана не дейді?» деп қарап отырмай, өз бе­тінше тынбай еңбек етуі керек­тігін ескерте келе: «Біздің жалғыз ғана Отанымыз бар. Қазақта Қа­зақстаннан өзге Отан жоқ. Бұл ба­ғ­дарлама сол Отанымызды сүю, мадақтау, дүниежүзіне белгілі ету мақсатында жүзеге аспақ», – деп сөзін түйіндеді. Одан әрі әңгіме Экспо-2017 көрмесінің ұйым­дас­тырылу мақсаты мен бүгінгі нә­тижесі, Конституциялық рефор­ма, еліміздегі туризм саласын да­мытудың жолы мен жөні тура­сын­да өрбіді. «Нұрлы жол» бағдар­ла­масының негізгі мақсаты да туризмді дамыту, еліміздің әр ай­мағын бір-бірімен сапалы тас жол­дар мен темір жолдар арқылы бай­ланыстыру екенін көзіқарақты оқыр­манның бірі білсе, бірі біле бер­меуі мүмкін. Бір сағатқа жуық уақытқа созылған келелі әңгіме әр қазаққа ой салды, дүйім жұрттың болашаққа деген нық сенімін орнықтыра түсті.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір