Алға қарай дамуға мотивация беретін сұхбат
03.01.2024
617
1

Симтиков Жомарт Құдайбергенұлы, саяси ғылымдарының докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ-дің кафедра меңгерушісі

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Егемен Қазақстан газетіне берген сұхбатында дәстүрлі қалыптасқан жағдайға орай ел көсбашысы ретінде Жаңа жылдың сахнасын өзі ашып өткенге салиқалы сараптамалық бағасын беріп, болашаққа байыпты болжам жасап отыр десе болады.

Жалпы бұл сұхбат мазмұны жағынан Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының үш түрлі күрделі мәселелерін қамтыды деп ойлаймын. Атап айтқанда мемлекеттің біріншіден, ішкі саясатындағы өзекті экономикалық-әлеуметтік мәселелер, энергетикалық қауіпсіздік.

Екіншіден, сыртқы саясаттағы жақын көршілермен қарым-қатынастың басым бағыттары.

Үшіншіден, Қазақстан Республикасының алдағы кезеңде Стратегиялық бағдарлама ретінде озық ойлы ұлт болып қалыптасуға мотивация беруге бағытталған.

Президент ретінде Қазақстан Республикасының ішкі саясатындағы көпшіліктің көкейінде жүрген өткір мәселелерге жеке көзқарасын білдірді. Оның ішінде қаңтар оқиғасының сабақтары, халықтың қарызға батуы күрделі борышкерлік, қымбатшылықтың белең алуы, тарифтердің өсіп, жұмыссыздық мәселесінің шиеленіскеніне және аймақтардағы жалпы ахуал сияқты мәселелерге тоқталды. Сонымен қатар, еліміздің аумағында АЭС салу жайына айрықша мән беретіндігі айтылды. Жылдың соңына қарай қоғамда жиі талқыланған қоғамда зорлық-зомбылық пен қатыгездік мәселесіне арнайы жауап берді.

Депуттатар тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің жаңа әрі тиімді шараларын қарастыратын заң жобасын әзірлеп жатырғандығы сөз болды. Тұңғыш президенттің бірнеше дәуірге куә болған тарихи тұлға екенін айта келе, жазған мемуарына да өз көзқарасын білдірді.
Өткен жылдағы саяси реформаларға тоқталып, әділеттілік жолындағы бәсекелі экономика жүйесін құруға жасалған, әлеуметтік саладағы проблемаларды шешуге арналған мәселелерге нақты тоқталып өтті.
Ал мемлекетіміздің сыртқы саясатында 2024 жылдың наурыз айындағы Ресейдегі өтетін президент сайлауына қатысты өз ойымен бөлісті. Шындығында Ресей Президенті Владимир Путин сөзімен де, ісімен де жаһандық ахуалға ықпал ететін тұлға. Ресейдің ұстанымымен бүкіл әлем санасатыны жасырын емес. Бұл мемлекеттің қатысуынсыз дүние жүзінде бірде-бір проблема шешілмейтіні де рас. Ресей Федерациясының әлемдік саясатта аса маңызды рөл атқаратынын және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі екенін және алпауыт елдегі президент сайлауының халықаралық мәні мен маңызының жоғарылығын айтылды.
Қазақстан Республикасының Қытай¬мен қарым-қатынасы стратегиялық серіктестік рухында дамып жатқандығы, осы уақытқа дейін ҚХР елімізге 24 миллиард доллар инвестиция құйғандығы «Бір белдеу, бір жол» аясында Транскаспий халықаралық көлік дәлізін бірлесе дамыту жөніндегі келісім және «Аягөз – Тачэн» бағытындағы темір жол құрылысы туралы меморандумның маңызы туралы атап өтілді. Көршілес елмен қарым-қатынаста азаматтарымыз осы мүмкіндікті оңтайлы пайдаланады деп үміттенетінін баса айтты.
Стратегиялық жағынан ұлтымыз өсіп-өркендесін десек, біз жақсыдан үйреніп, жаманнан жирене білуіміз керек деген қағиданы айтты. Қазақ ұлтының ғаламдану жағдайындағы ұлттық идеологиясында жалғандыққа жол бермеу мәселесі көтеліп, жалпыұлттық құндылықтар бәрінен биік тұру керектігі айтылды.
Біз озық ойлы ұлт болу үшін еңбекқорлық, білімпаздық, кәсібилік, бірлік, ынтымақ, жанашырлық, іскерлік, бастамашылдық, адалдық, қарапайымдылық және үнемшілдік – нағыз отаншыл, адал азаматқа тән қасиеттер мен құндылықтар басымдыққа ие болуы керек. «Халқымыздың қуатын арттырып, табысқа жетелейтін осындай қасиеттер мен құндылықтарды жан-жақты дәріптесек, оларды ұрпақ санасына сіңіру арқылы ғана сапалы ұлтқа айнала аламыз» — деген тезис айтылды.
Сондықтанда Жаңа жылдың алғашқы аптасындағы Перезиденттің сұхбаты мелекетіміздің болашағының жаңаша дамуына ерекше мотивация бере алады деп сенемін.

ПІКІРЛЕР1
Қонақ 03.01.2024 | 15:20

Керемет👍

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір