Жаңашыл тұлға дайындау
11.08.2017
1735
0

Ел жастарының бәсекеге қабілетті, білім-білігі жоғары, ұлтжанды азамат болып өсуі үшін қатып қалған ережелерге сүйенгеннен гөрі өзге дамыған елдердің тәжірибесіне жүгінген дұрыс әрине. Дамыған елдерден АҚШ, Жапония, Германия, Франция секілді бірқатары 12 жылдық білім беру жүйесіне еніп үлгерген. Ал ТМД елдерінен 12 жылдық орта білім беру мерзімін Өзбекстан, Латвия, Литва, Эстония, Украина, Молдова таңдады. Енді Қазақстан да 12 жылдық білім кеңістігіне еніп жатыр. Бүгінгі таңда 12 жылдық мектепке есептелген орта білім берудің белгілі халықаралық стандарты қалыптасты. Яғни
12 жылдық білім берудің мақсаты – қоғамның мүддесіне өзін-өзі белсенді етуге дайын, жаңа өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.

Білім беру жүйесіндегі өзгерістерді талап ететін әлемдік дамудың негізгі үрдістері: қоғам дамуының қарқындылығы; пос­тин­дуст­риалдық, ақпараттық қоғамға көшу; мәдениаралық өзара қатынас ауқымының кеңеюі; халықаралық ынтымақтастық нә­ти­жесінде шешілуі мүмкін ғаламдық про­б­ле­малардың туындауы; қоғамның де­мокра­тиялануы; экономиканың қарқынды дамуы, бәсекелестіктің өршуі; адам капиталы мәнінің артуы. Осыған сәйкес да­мы­ған елдердің білім беру жүйесінде білім беру философиясы мен әдіснамасының жаңаруы, білім беру мазмұнын құру әдіс­тері­нің өзгеруі, білім беру жүйесінде жетіл­дірілген үлгілердің жасалуы, білім беруді басқарудың тиімді тәсілдері ұсынылып отыр.
Адам бірден тұлға болып тумайды, ол тәрбие арқылы қалыпта­са­ды. Тұлғалық туралы адам өзін-өзі танып, өз өмірін өзі жасай бастағанда сөз ету керек. Білімді, шығармашыл, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу мақсатында Қа­зақс­тан Респуб­ликасында 12 жылдық жал­пы орта білім беру тұжырымдамасы жасалып отыр. 12 жылдық білім берудің негізі – адамның жеке тұлғалық қасиетін қалып­тастыру.
12 жыл­дық мектеп мұғалімін даярлауды же­­­тілдіру ісі ендігі кезек күттірмейтін мәселе. 12 жылдыққа көшу орта мек­теп­те-гі оқу мерзімін ұзарту ғана емес, бі­лім беру мазмұнын түбегейлі өзгерте оты­рып, білім сапасын барынша жақсарту. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін 12 жылдық мектеп мұ­ғалімдерін кә­сіби даярлау қазіргі таңда кезек күттірмейтін мәселе деп бі­ле­мін. 12 жылдық мектептің педагогы өзін жо­ғары деңгейде қалып­тас­тырудың бір­неше құзыреттілігін игеруге міндетті.
Арнайы құзыреттілік – өзінің кәсіби қызметпен жоғары деңгейде айналысатын және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін қабілет. Мұғалім үнемі ізденісте бола отырып, жаңаша оқытудың модульдік, рейтингтік жүйе, дамыта оқыту, сын тұр­ғы­сынан ойлау технологияларының әдіс-тәсілдерін өз ізденісі арқылы оқушы қа­бі­летіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қол­данғаны жөн. Сонымен қатар, пси­хо­ло­гиялық-педагогикалық білімін жетіл­діріп үйренумен қатар, сол білімін өз ісінде шебер пайдалана білетін болуы керек. Оқу­шының кез келген сұрағына жауап беруге даяр болуға тиіс.
Білім беру құзыреттілігі – білім беру қыз­­метінде кәсіби білімді, білік пен дағ­дыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылық және білім беру қызметінде субъектілік пен креативтіліктің дамуына ынталылық, педагогикалық және әлеу­меттік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті. Әрине, мұғалімдікке кез­дейсоқ адамдар келмеуі керек. Мұғалім­дік маман атына лайық болуы керек. Мұ­ға­лім оқушыға қай жағынан болсын өзін-өзі ұстауы, сөйлеуі, жүріс-тұрысы, киім-киісі жа­ғынан болсын үлгі. Бұл жағдайда оқу­шы­ның жеке адам ретінде қалыптасуына жанама әсер етеді.
Қазіргі заманғы психологияны кәсіби дең­гейде болмаса да, белгілі бір дәрежеде игер­меген мұғалім жарты қаруы жоқ жауынгер іспеттес. Бала психологиясына се­зім­тал болу ұстаз үшін басты нәрсе.
Сондықтан да 12 жылдық білім беру жағдайында педагог – ең алдымен, кәсіби дең­гейі жоғары, интеллектуалдық, шығар­ма­шылық әлеуеті мол тұлға болуы тиіс. Ол – оқытудың жаңа технологияларын өмірге енгізуге дайын, оқу-тәрбие ісіне жана­шыр­лық танытатын, қоғамның ең озық бөлі­гі­нің бірі, оқу-тәрбие үрдісінің мазмұнына және ұйымдастырылуына кешенді тұрғыда қа­райтын, зерттеушілік ыңғайға бейім, тео­рия мен тәжірибелік іс-әрекетін бірік­тіре білетін, өмірлік құндылық қағида-
лар – адамгершілік, ізгілік, еңбекқорлық, парасатты мінез-құлық сияқты қасиеттерді бойына сіңірген ұстаз.

Сағира ОДАНОВА, ҚазМемҚызПУ Қазақ тіл білімінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының доценті, филология ғылымының кандидаты.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір