«Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған»
18.08.2015
3237
1

2

Жалынды ақын Мағжан Жұмабаевтың мұрасын жас ұрпаққа таныту мақсатында Петропавл қаласында республикалық Мағжан оқулары өткізілді. Сайысқа еліміздің 13 өңірінен облыстық кезеңнің 42 жеңімпазы қатысты.

Ережеге сәйкес, оқулар «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» – Мағжан шығармаларын жатқа оқу, «Толқынмен толқын сырласып…» – ақынның шығармалары бойынша зерттеу жұмыстарды қор­ғау, «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» – жас ақын­дар сайысы бағыттары бойынша ұйымдас­тырылды.

Мағжан оқуларының қорытындысы бойынша «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» байқауында Екібастұз қаласының «Зерде» мамандандырылған мектебінің 9-шы сынып оқушысы Еламан Төлеутаев бас жүлдені жеңіп алса, Павлодар мемлекеттік инс­титутының студенті Оразбек Бақытхан Мағжан өлеңдерін мәнерлеп оқу бойынша бірінші орынды қанжығалап қайтты. Сондай-ақ, Май ауданы Жалтыр орта мектебінің 8-ші сынып оқушысы Айсана Сахимзадинова «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» және Качир ауданы № 3 жалпы орта білім беру мектебінің 7-ші сынып оқушысы Әйгерім Рамазанова «Толқынмен толқын сырласып…» сайыс­тарына қатысқандары үшін Алғыс хаттармен марапатталды.

Тілеуберді САХАБА.
Павлодар облысы.

ПІКІРЛЕР1
Аноним 13.01.2026 | 00:37

Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған

1.

Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған,
Қиялын қияларға жайлап ұшырған.
Жүрегі жас балаша таза, аңғал,
Әлемді жыр арқылы қайта құшқан.

2.

Ол бала қол созады көкке қарап,
Арманын ақ бұлттарға өреп алып.
Жұлдызбен сырласады түн ішінде,
Жалғыздық жанына да керек анық.

3.

Ақынның ойы — ойыншық секілді,
Бірде мұң, бірде қуаныш боп түрленді.
Қарапайым сөздерден ғажайып жасап,
Кеудеге үміт отын ол үрледі.

4.

Ай оған жетпес арман болғанменен,
Сол арман жетелейді алға деген.
Құласа да, қайтадан тұра біледі,
Баладай сенімін ол жалғап келген.

5.

Қоғамның қаталдығы, салқын заңын
Жүрегімен өлшейді әрбір әнін.
Ақынға әлем кейде тым ауыр,
Сондықтан бала боп қалды ол жанын.

6.

Бала ғой — жылайды да, күледі де,
Сезімін жасыра алмай жүреді де.
Ақын да сол секілді шыншыл жан,
Өтірік өмірге ол көнбейді де.

7.

Айға қолы жетпесе де мойымайды,
Армансыз адам болып ойнамайды.
Өлеңмен биікке ол өрмелейді,
Жүрегі сонда ғана тыныстайды.

8.

Ақынның балалығы — байлығы оның,
Сол үшін биік оның әрбір жолы.
Баладай таза жанмен әлемді сүйіп,
Жырменен емдейді ол адамзатты.

9.

Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған,
Арманнан ешқашан да таймаған.
Ай алыс болса да, жарығы жақын,
Сол жарықпен өмірін аймалаған.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір