Жастарға еркіндік керек
11.08.2017
2577
0

Қоғамның келбетін айқындаушы жастар екені бәрімізге мәлім. Мұны ел Президенті де халыққа арнаған әр сөзінде, әр Жолдауында назардан тыс қалдырған емес. Соған орай еліміздегі түрлі бағдарламалар мен жобалардың іске асып жатқаны болашағымызға балаған жастарға артылар сенімнің зор екенін білдірмек. Жазушы Ғабит Мүсірепов: «Мен жастарға: «Алдарыңда таудай талап тұр. Өмір заңғарлары үнемі биікке шығарады. Оған жету үшін талмай ізденің-дер», – дер едім. Жастарға тоғышарлық, бойкүйездік дертінен аулақ, сергек, сезімтал болған жарасады», – деген екен. Жастардың пайым-парасаты биік, талғамы жоғары болғаны, әрине, жақсы. Бірақ қазіргі қоғамда жастардың болмысы қандай екені бізге беймәлім. Өзге емес, жастардың өзінен сұрауды жөн көрдік.


Райымбек БАҚЫТЖАНОВ,
«Нұр Отан» партиясы жанындағы
«Жас Отан» Жастар қанатының
Орал қалалық бөлімшесінің жетекшісі

–Елімізде «ҚР мемлекеттік жастар саясаты туралы» арнайы Заң жобасы бекітілген. Қоғамда белсенділік танытып жүрген жастардың өкілі ретінде олардың құқықтары туралы не айтар едіңіз?
– Менің ойымша, Қазақстан Республикасында жастар құқықтары толыққанды қорғалған. Оған дәлел, жоғарыда аталған Заң жобасы деп білемін. Мысалы, бұл заңда көрсетілгендей: «Мемлекеттiк жастар саясатының мақсаты жастардың рухани, мәдени, білім алып, кәсіби және дене бітімінің толыққанды дамуы, шешімдер қабылдау процесіне қатысуы, ойдағыдай әлеуметтенуі және олардың әлеуетін елді одан әрі дамытуға бағыттау үшін жағдайлар жасау болып табылады» делінген. Яғни ашып айтатын болсақ, кез келген қазақстандық жас азамат елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне араласуға, қолжетімді және сапалы білім алуға, өз денсаулығын сақтау және нығайтуға, кәсіби медициналық көмек алуға, кәсіппен айналысуға және сол сияқты, тағы да басқа мүмкін­діктері мен құқықтары бар. Бұл жерде жастар, тек өз мүмкіндіктерін толыққанды қолдана білуі керек деп ойлаймын.

– Бүгінде диплом алғанымен, мамандығынан мүлде басқа салада немесе жұмыссыз жүрген жастар да баршылық. Жастардың дұрыс бағдар ала алмауына не себеп?
–Қазіргі таңда жастардың мамандық тандау мәселесі өте өзекті және бұл жерде мектеп түлегінің болашақ мамандық таңдауына бірнеше факторлар әсер етеді. Бұл факторлар оң немесе теріс болуы мүмкін. Біріншіден, ол, әрине, баланың ата-анасы. Жұмыс барысында жастармен кездескен кезде «Бұл мамандықты неге таңдадың?» деген сауалға көбі ата-анамның қалауы деп жатады. Яғни бұл жерде баланың ішкі қалауы емес ата-анасының қалауы, баланың ойымен санаспауы көрінеді. Әрине, бірде-бір ата-ана өз ұрпағына жамандық ойламайды, керісінше «жақсы болсын» деп айтады. Бірақ бұл немқұрайлы қарайтын мәселе емес. себебі, баланың болашағы осыған байланыс­ты. Екіншіден, ол «оқу гранттары». «Қай мамандыққа грант көп болды, сонда тапсырдым» деп жатады көптеген жастарымыз жоғарыдағы сұраққа. Мектеп бітіріп, «өзі қаламаған» мамандыққа оқуға түсіп, оны аяқтаған жас маман
ата-анасының қанатының астынан шыққаннан кейін «еркіндік» алып, өз жолымен жүруге тырысады. Өзіндік мақсаттары пайда болады. Бұл – зандылық. Осының салдарынан олар жүрегі қалаған салаға жұмысқа орналасуға тырысады. Сондықтан менің ойымша, мектеп түлектеріне, бұл сұраққа келгенде, қысым көрсетпей, тек кеңес айтып, еркіндік беру керек деп есептеймін.


Яғни ашып айтатын болсақ, кез келген қазақстандық жас азамат елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне араласуға, қолжетімді және сапалы білім алуға, өз денсаулығын сақтау және нығайтуға, кәсіби медициналық көмек алуға, кәсіппен айналысуға және сол сияқты, тағы да басқа мүмкіндіктері мен құқықтары бар. Бұл жерде жастар, тек өз мүмкіндіктерін толыққанды қолдана білуі керек деп ойлаймын.


– Қызметіңіз жастар саясатымен тығыз байланыс­ты. Сіздер қоғамда ерікті түрде қандай да бір қайырымдылық шараларымен айналысасыздар ма?
– Әрине, біздің жұмысымызда еріктілердің рөлі ерекше және осы еріктілердің атқарып жатқан істерінің маңызы зор. Барлығымыз да бұл салаға ерікті ретінде келгенбіз.
Ал нақты атқарып жатқан шараларымызға келетін болсақ, біз ҰОС мен тыл ардагерлеріне жүйелі түрде, яғни апта сайын қолұшын созып, тұрмысына да көмектесіп тұрамыз және жоспарлы түрде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға түрлі шаралар ұйымдастырып, қала аумағын тазарту жұмыстарына, яғни сенбіліктерге белсене қатысамыз. Нақты қайырымдылық шараларды біз жүйелі түрде өткізіп тұрамыз. Балалар үйінде әр түрлі ойын-сауық, зияткерлік шаралар өткіземіз және дәстүрлі түрде жылына екі-үш мәрте мүмкіндігі шектеулі және ауыр сырқатқа шалдыққан балалар үшін қаражат жинау мақсатында «Қайырымдылық концерттер» ұйымдастырып тұрамыз. Әрине, бұл біз атқарып жатқан істеріміздің аз ғана бөлігі.
– Болашақта қандай жоспарларды жүзеге асырмақ ойыңыз бар? Және оның нәтижелі болуына қаншалықты сенімдісіз?
– Болашаққа деген жос­парлар өте көп және олардың жүзеге асуын алда көре жа­­тарсыздар, әзірше бұл жос­парлар кішігірім сыр бо­лып қалсын. Ал олардың нәтижелі боларына сеніміміз мол!

Сұхбаттасқан Нұрлайым БАТЫР.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір