Ағылшын тілі және заман талабы
04.08.2017
1370
0

ҚР Үкіметіндегі баспасөз конференциясында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Саға­диев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 9 қадамы аясында ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңімен ауысуға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқаны жайлы толығырақ айтып өтті.

– Биыл эксперимент аясында және ата-аналардың жазбаша келісімімен шамамен 500 сынып комплекті сабақты ағылшын тілінде оқытуға көшуді қалайтыны анықталды. Бір жыл ішінде біз үдерісті бақылаймыз және келесі жылы қорытындысын шығарамыз, содан кейін жоғары сыныптарда пән бойынша үш тілде сабақ өткізуге ауысудың нақты кестесін қабылдаймыз. Биыл оқытушыларды жаппай оқытуды бастаймыз. 4 мың мұғалім бүгінде оқуларын бастады, қыркүйекте тағы
8 мың мұғалім оқуларын бастайды, – деді Е.Сағадиев.
Одан бөлек, 10-11 сыныптарда ағылшын тілінде оқытуға ауысатын 4 пән анықталды: «Физика», «Химия», «Биология», «Информатика». Жаратылыстану ғылымы бағытындағы пәндер бойынша ағылшын тілінде оқулықтар мен оқу-әдістеме-лік материалдар әзірленіп жатыр.
ЖОО-ларда пәндердің 50% оқыту тілінде (қазақ немесе орыс), 20% – екінші тілде (сәйкесінше орысша немесе қазақша), 30% – ағылшын тілінде жүргізілетін болады. 2016 жылдан ЖОО-ларда негізгі және бейіндік пәндердің 30% ағылшын тілінде оқытылып жатыр. 2016 жылы біліктілікті арттыру бойынша тілдік курстардан 750 пәнді жүргізуші мұғалім, 2017 жылы 1043 пәнді жүргізуші мұғалім оқуларын аяқтап, сертификаттарын алған. Бұл үшін үш, алты және тоғыз айлық курстар қарастырылған. Сондай-ақ, жұмыс орны мен еңбекақы сақталады, стипендия беріледі, жол шығындары, тұратын орындарының ақысы төленеді. Жұмысқа қайта оралған соң, мұғалім «Ағылшын тілінде сабақ беру» санатына ауысса, еңбекақыны ұлғайту мәселесі де көзделген.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір