Тегін кәсіптік-техникалық білім
21.07.2017
1018
0

«Нұр Отан» партиясының Қарағанды облысы Шет аудандық филиалында мәслихат депутаттары, аудандық колледж директорлары, жастар қатысуымен «Жастарды жұмыспен қамту және тегін кәсіптік-техникалық білім беру» атты отырыс өтті.

Агротехникалық колледж директоры Рысбек Оразханов тегін кәсіби-техникалық білім беру бағдарламасы аясында жоғары оқу орындарына түсе алмаған жастардың орта кәсіп­тік білім алып, мамандық игеруіне зор мүмкіндік бері­ліп отырғанын тілге тиек етті. Ал білім алып шыққан жастар бола­шақта жұмыссыздар қатарын да толық­тыр­майтын, білікті маман боларына сенімді.
– «Жастар – қоғамның қозғаушы күші. «Баршаға арнал­ған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» – қазақстандық жас азаматтарға болашаққа бағыт беретін жақсы жолдама, адам капиталын дамытуға зор мүмкіншілік», – дейді, Шет аудандық жастардың ресурстық орталығының директоры, «Жас Отан» Жастар қанатының өкілі Самат Ахмедия.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір