АҚЫН ОҚЫРМАНДАР ОРТАСЫНДА
Мен Алматы облысы, Жетісу ауданының перзентімін. Өз мектебімді, туған ауылымды мақтан тұтамын. Өйткені, бұл ауданнан жұртшылыққа кеңінен танымал қаншама ақын-жазушылар, өнер, ғылым, мәдениет қайраткерлері шыққан. Міне, бүгін тәрбие сағатында сынып жетекшісі бізге жақсы хабар жеткізді. Келесі күні Талдықорғандағы Жетісу университетінде біздің ауылдың түлегі, ақын Сайлаубек Тойлыбаевпен шығармашылық кездесу өткізілмек екен. Соған біздің сыныптың оқушылары шақырылыпты.
Оқу ордасындағы кездесуге ақын Сайлаубай ағамыз жұбайы Құралай Кәрібаеваны және бірнеше достарын ерте келіпті. Концерттік бағдарлама барысында ақын Сайлаубай Тойлыбаев өз өлеңдерін оқып, өмір, қоғам, заман туралы, жастардың болашағы жайлы ойларын ортаға салды. Белгілі тележурналист Нұртілеу Иманғалиұлы танымға, тағылымға толы әңгімелер айтты. Сазгер Ағайша Шермұхаметқызы Сайлаубай ақынның сөзіне жазған әндерін орындады. Оқушылар ақынға арнаған өлеңдерін оқыды. Мектеп директоры Бағдан Жапабаев жастарға өнеге боларлық кездесуі үшін С.Тойлыбаевқа ризашылығын білдірді. Ауыл әкімі Қанат Сатанов ақын ағамыздың шығармашылығы туралы сөз сөйлеп, сый-сияпат жасады.
Кездесу соңында кеш қонақтарымен суретке түстік. Ақын аға кітаптарын қолтаңбасымен тарту етті.
Айгерім АБЛАКИМОВА.
Алматы облысы,
Ескелді ауылы.