АҚСЕЛЕУГЕ ҚҰРМЕТ
23.06.2017
932
0

Таяуда Астанада шымылдығы жабылған халықаралық кітап көрмесіне «ҚазАқпарат» баспа корпорациясы да белсене қатысып, келушілерге үздік кітап өнімдерін ұсынды.
Осы көрме аясында жазушы, өнертанушы, этнограф, музыка зерттеушісі Ақселеу Сейдімбектің таңдамалы шығармаларынан құрастырылған үлкен пішімдегі бір томдығының тұсаукесері болды. Онда Әлібек Асқаров, Әнес Сарай секілді қаламгердің үзеңгілес әріптестері Ақселеу Сейдімбектің сан қырлы таланты туралы өз лебіздерін білдірді. Белгілі өнер саңлақтарының орындауында қаламгердің өзі шығарған әндері мен күйлері орындалды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір