Жаңартылған білім бағдарламасы
Елбасы Н.Ә Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» деп жазылған.
Нақты мақсатқа жетуде білім беру мазмұнын жаңарту – басты мәселелердің бірі болып отыр. Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында «Өрлеу» БАҰО АҚ Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен Қарасай ауданы, С.Байжанов атындағы орта мектепте қазақ тілінде білім беретін мектептердің бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курсы өтті. Курстың мақсаты: Бастауыш сынып пәндері бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру. Курс барысында мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен, педагогикалық тәсілдермен танысып, оны тәжірибе жүзінде қолданып көрді.
Біліктілікті арттыру курсы барысындағы өзін-өзі бағалауға мүмкіндік беретін топтық жұмыс пен бірлескен тәсіл мұғалімдерге кәсіби құзыреттілікті жетілдірудің қыр-сырын түсінуге көмектеседі.Адамның ақыл-ойы қарыштап дамыған ХХІ ғасырда барлық салада табысқа қол жеткізу үшін шәкірт бойына қажетті дағдыларды дарыту жолында мұғалімдер тынымсыз еңбектеніп, үздіксіз ізденуі керек. «Білімді болу деген – жаңалық ашуға, бәсекелестікке қабілетті болу» деп әл-Фараби айтқандай, жаңартылған оқу бағдарламасын жетік меңгеру болашақ кепілі .
Индира Камбаралиева,
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы,
Алматы облысы бойынша педагог
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы.