"Қазақ әдебиеті" — Қазақстан Республикасының әдебиет, мәдениет және өнер газеті. Әр апта сайын, жұма күні шығады.
Газет 1934 жылдың 10 қаңтарынан бастап шыға бастады. «Қазақ әдебиеті» газеті — Қазақстан жазушылар одағының органы ретінде тұңғыш саны 1934 жылдың қаңтарында жарық көрген.
«Қазақ әдебиеті» - газетінің тарихы


«Айқын» газетінің саясат және экономика бөлімі редакторы, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Гүлнар Жұмабайқызының «Керемет медиа» баспасынан жарық көрген бұл жинағына 2011-2016 жылдары республикалық қоғамдық-саяси «Айқын» газетінде «Өмір өткелдері» айдары бойынша жарияланған материалдары топтастырылған. Кітап кейіпкерлері – түрлі салада еңбек еткен елімізге есімі белгілі тұлғалар. Кітапта кейіпкер мен автор алма-кезек әңгіме айта отырып, сол келелі сұхбат арқылы кейіпкердің күллі бітім-болмысы ашылады.





Студия «Team28»