Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы берілді
Қазақстан Жазушылар одағы басқарамасы Секретариатының шешімімен төмендегі қаламгерлерге Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы берілді.

Асабаев Зәкір – «Ешкім білмейтін айла», «Маэстро», «Ән-ғұмыр» атты шығармалары үшін;

Ашықбаев Ертай – «Әскерден келген студент», «Туған күн» атты өлеңдер жинағы үшін;

Жанболат Сұлтан – «Біз» шығармалар жинағы үшін;

Жәленова Қатира – «Сырдан ұшқан қарлығаш» өлеңдер жинағы үшін;

Қыдырханұлы Уақап – «Өз елім – өзегім» естелік, эссе, деректі әңгімелер жинағы үшін;

Негимов Серік – «Мәлік Ғабдуллин» филологиялық-деректанулық зерттеу еңбегі үшін;

Сәттібайұлы Көсемәлі – «Аран» әңгімелер жинағы үшін;

Тұрлыбек Доқтырхан – «О дүниеден келген өкіл» сатиралық әңгімелер жинағы үшін;

Үсенбаев Болат – «Киікоты» өлеңдер жинағы үшін;

Шаяхметов Ақылбек – «Сөз» өлеңдер жинағы үшін.
Қазақ әдебиетін насихаттаудағы еңбегі үшін:

Әрін Әміре – ақын;

Мехмонқұл Исламқұлов –жазушы, аудармашы, Өзбекстандағы Қазақ әдебиеті жөніндегі кеңестің жауапты хатшысы (Өзбекстан Республикасы).

Эльхан Зал Қараханлы – жазушы, аудармашы, «Шынар» әдеби журналының бас редакторы, Халықаралық Махмуд Қашқари атындағы қордың президенті (Азербайжан Республикасы);

Метлицкий Николай Михайлович – ақын, аудармашы, (Белорус Республикасы).
ПІКІРЛЕР4