БАЛАНЫ АСЫРАУДАН ТӘРБИЕЛЕУ МАҢЫЗДЫ
10.06.2016
1290
0

сараш2Сараш ҚОҢЫРБАЕВА,
педагог-ғ
алым

 

Бай болу мен кедей болу құдайдан дейміз. Сондықтан болар, халқымызда «Кім бай болғысы келмейді, құдайы қаламайды» деген сөз бар. Ал енді байдың баласы болу, кедейдің баласы болу да тағдырдан. Бай баласына өмір сүру жеңіл деп ойлайтын шығармыз, керісінше, дәулеті тасыған отбасының да бала тәрбиесіне қатысты проблемалары шаш-етектен. Бұл жердегі мәселе: асырау мен тәрбиелеуді бір деп қараудан қателесеміз.

Әрине, баланы өмірге әкеліп асы­рап-өсіру деген де оңай емес. Оның салдарымен күнде кездесеміз. Бірақ баланы дұрыс тәрбиелеуде, қабілетін ашуда байлық пен кедейліктің ықпалы бірі-бірінен қалыспайды. Бірінің ақша­мен алатын жетістігінен, екіншісінің еңбек­пен, тәжірибемен, мейіріммен алатын жетістіктері артық болуы да мүм­кін. Сондықтан жоқ-жітік отбасында өскен баладан күтетін үміт аз деуге болмайды.

Егде тартқан бір азаматтың  балаларымды ешкімнен кем қылмаймын деп жүріп,  дербес өмір сүруге мүмкіндік бермеппін. Қазір балаларымды мойнымнан түсіру қиын болып отыр, тіпті немерелерімнің мәселелерін  шешу де менің мойнымда, – деген еді.

Қай заманда да бала – болашақ, арт­та қалар із. Бала – мемлекеттің байлығы. Қазіргі баланы бұрынғы баламен салыстыра алмаймыз. Оларға қамқорлық тек асырап-бағу жағынан емес, оларды тәрбиелеу тұрғысынан көп қажет. Тәрбие – үздіксіз процесс, заман өзгерген сайын тәрбиенің де әдіс-тәсілдері жаңарып отырады. Ескірген әдіс-тәсілдерді ығыстырып шығаратын заманауи тамаша тәрбие технологияларын өмірде қолдануымыз үшін де педагогика, психология деген ғылымдарға мемлекет тарапынан қолдау керек. Ғалымдар ұсынған жаңа жобалар үнемі назарда болып, сүзгіден өтіп отыруы тиіс. Сонда бала тәрбиесіне қатысты көз­қарасымыздың жаңарғанына сенуге болады.

Ыбырай атамыздың сөзін толық кел­тірудегі ойымыз сыртқы форма мен ішкі мазмұнның үндесуі жөнінде болса керек. Ыбырай, Абай сынды ғұламалар сөздерінің өміршеңдігі – қай заманда да өзектілігін жоймауынан. Бүгінгі қоғамда да тәрбиеге ықпалды тұлғалар­дың ­деңгейлері әр түрлі. Бірақ ешкім өзін төмен санамайды. Бәрінің өмір ту­ралы, ұрпақ алдындағы парызы тура­лы өз шындығы бар. Солар бүгіні емес, ертеңін ойласа деген ой келеді.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір