Саяси реформаларды қолдау маңызды
03.06.2022
360
0

Нұр-Сұлтан қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі М.А.Әзілхановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2022 жылғы 29 сәуірде ҚХА-ның ХХХІ сессиясында берген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша кеңейтілген кеңесі өтті.

Кеңеске Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің басшылығы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, этно-мәдени бірлестіктердің, ҚХА қоғамдық құрылымдарының, өңірлік «Қоғамдық келісім» бірлестіктерінің басшылары, т.б. қатысты.
Кеңес барысында М.Әзілханов Қазақстан халқы Ас­самблеясының төрағасы 29 сәуірде ҚХА-ның XXXI сессия­сында берген тапсырмаларына егжей-тегжейлі тоқталды.
Сондай-ақ ол Мемлекет басшысы айтқан саяси реформаларды жүзеге асыруда барлық қазақс­тандық­тардың азаматтық белсенділігін қолдайтынын, көзделіп отырған конституциялық реформалар туралы жан-жақты айтып өтті. Сонымен қатар этносаралық қатынастар саласын дамытудың басымдықтарын белгіледі. Кеңесте Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығының, Нұр-Сұлтан қалалық ҚХА Аналар кеңесінің және Қарағанды облысындағы «Ассамблея жастары» филиалының басшылары сөз сөйледі.
Кеңес қорытындысы бойынша мүдделі мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар, сондай-ақ этно-мәдени бірлестіктерге ұсынымдар берілді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір