АШАРШЫЛЫҚ: ҚЫЗЫЛ ҚЫРҒЫННЫҢ ҚАСІРЕТІ
13.06.2019
1617
0

2019 жылдың 30 мамыры күні М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мен Алматы қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен М.Әуезов мұражай-үйінің мәжіліс залында 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Нәубет жылдар шежіресі: тарих және көркем шындық» тақырыбында Р.Бердібаев атындағы Халық университетінің кезекті дәрісі өтті.

Іс-шараға жа­зу­шы, кинодраматург Смағұл Елубай, мәдениеттанушы-ғалым, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әуезов, қоғам қай­рат­кері, ф.ғ.д., профессор Асылы Осман, Алматы қаласы әкімінің әдеп жөніндегі уәкілі Мамай Ахетов және т.б зиялы қауым өкілдері, ЖОО сту­дент­тері мен жас ғалымдар қатысты.
Дәрістің модераторы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институ­тының директоры, филология ғылым­дарының докторы К.Матыжанов Совет одағы тұсында тыйым салынған ашаршылық тақырыбы Тәуелсіздік жылдары кеңінен зерттеліп жатқан­дығын айтып өтті. Сонымен қатар, нәубет жылдарындағы шындық пен ақиқатты халыққа жеткізу жолында «жаным – арымның садағасы» деп өз өмірлерін ұлт тағдыры жолында құрбан еткен арыстарды бір сәт еске алды. Ашаршы­лық тақырыбын арқау еткен Смағұл Елубайдың «Ақ боз үй» романының тарихи мәні зор екендігіне тоқталды.
Смағұл Елубай өз сөзінде ең алдымен Халық университетінің аталмыш тақырыпты халыққа кеңінен ұсынып, оқырман қауыммен жүздестіріп отыр­ға­ны үшін ұйымдастырушыларға ал­ғыс білдірді. «Ақ боз үй» романының жа­зылуына Мұрат Әуезовтің бірден-бір себеп болғандығын ерекше атап өтті. Ең күрделі, тыйым салынған ашаршы­лық тақырыбын толық баяндайтын романды жазу барысында Ақтөбенің Байғанин ауданынан бастап, Үстірттің үстін басып өтіп, ел аралап, Қарақал­пақс­тан, Түркіменстанға сапар шегіп, ашаршылық кезін көзімен көрген ақса­қалдармен жүздесіп, сөйлесіп, бірнеше рет ел аралауға тура келгенін, шығар­ма­ны жазуға сол адамдардың аузынан жазылып алынған деректердің негіз болғанын жеткізді. Одан бөлек зерттеу ба­рысында сонау Кеңес заманынан бері жасалған халық санағының статистикалық мәліметтерімен таныс­қан. Ондағы мәліметтер, ауызекі әңгі­ме­лер жазушының санасына сілкініс жаса­ғанын, тіпті, адам баласы нанғы­сыз қасі­рет­тердің болға­нына әлі де күйзе­ле­тінін, сондай ширы­ғыс­ты көңіл күйден соң «Ақ боз үй» рома­нын жазуға кіріскенін жеткізді.
«Бұл нәубет қазақ халқына тек демографиялық апат қана емес, сонымен қатар психологиялық апат алып келді. Ол апаттың зардабын әлі де тар­тып келеміз. Әлемде аз уақытта біздей қырғынға ұшыраған халық жоқ», – деді жазушы.

С.Елубай:
– Ашаршы­лық та­қырыбы – ең қиын, күрделі тақырыптардың бірі. Мектеп ке­зеңінде оқытыл­мады, ес­тімедік. Материалдар жабық қор­ларда сақталды. Ашар­шылықты зерттеген ға­лым­дар қу­далауға ұшы­рады.
1897 жылы Ресей империя­сы­ның халық са­на­ғы бойынша қазақтардың саны – 4 млн. 84 мың адам болған екен. Бұл сол кезеңдегі Орта Азия халықтары санының тең жартысын құрайды. 1911 жылғы статистикалық деректер бойынша қазақтың саны 8 миллионнан асады делінген. Азамат соғысында көп шығынға ұшырадық. 1921-1922 жылдары қазақтың малын тартып алды, содан кейін аштық болды. 1931-1933 жылдар аралығында 2 млн. 300 мың қазақ қырылған деп есептелді. Бұл бар қазақтың 50 пайызы, жартысы қы­рылды деген сөз. Мұны тарихтағы ең үлкен қылмыс деп атауға болады. 28 мың қазақ атылды. Тіпті, Совет одағы қазақтың саны 17 пайыздан аспау қа­жет деген тыйым да болды. Ресей импе­риясы сескенетін бірден-бір интеллигенция – қазақ зиялылары болды. Себебі, қазақ зиялылары, Алаш көсем­дері қайта-қайта тәуелсіздік, автономия мәселелерін қозғады…

(Толық нұсқасын газеттің №23 (3657) санынан оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір