Мақал-жұмбақ
Жанат Ахмади
(Әйел-Ана дүниенің алтын кілті)
Айналайын кей әйел,
ері өлмей қадірін білмеген,
Айналайын кей еркек жары өлмей Не кірмеген (а…л)
***
Ерінің көңілін қалдырған әйелдің қызыл көлек киіп қайткенінен не пайда? (қылымсы…нан)
***
Әйелді ұрсаң сағы сынады,
баланы ұрсаң? (б…ы)
***
Мейірімділікті Анадан үйрен, қайырымдылықты? (д…н)
***
Ерлі-зайыпты тату болса
бағы жанар,
Араз болса, өмірден
Несі қалар (к…лі)
***
Жомарттық қылған әйелден,
Намәрттік қылған
Кім артық? (е…)
***
Әйелдің көз жасы шық,
Күн шықса? (құ…ды)
Еркектің көз жасы серт,
Киесі Қайтпай тұрмайды?
(т…ппай)
***
Жаман еркек той бұзар,
жаман әйел Не бұзар? (ү…)
***
Жұрттың көзіне Не түсіреді (ақ)
***
Еркек – ер мінезімен сүйкімді,
Әйел несімен? (бияз…мен)
***
Жігіттің сорлысын, әйелдің Қандайы түзейді? (о…сы)
***
Соры бар әйел
Қандай байға тиеді (ж…с)
***
Топқа барсаң атыңнан түңілесің,
Тойға барсаң Кімнен түңілесің? (қ…ңнан)
***
Әйел өзін қанша бекзат санаса да,
Еркектің алдында өз
Несін ұмытпауы керек? (ж…сын)
***
Әйел еліне патша болса да,
Кімге патша емес? (е…не)
ПІКІРЛЕР1