«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ І ПЛЕНУМЫНДА ҚАБЫЛДАНҒАН ҮНДЕУ

0
142 қаралды

Қазақстан Жазушылар одағының «Ұлы даланың жеті қыры және Қазақ әдебиеті» атты І Пленумына қатысушы қаламгерлер ҚР Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» тарихи бағдарламалық мақаласында айтқан барлық келелі ойлары мен ұсыныстарын қолдайтынын жеткізеді.

«Ұлы даланың жеті қыры» ма­қа­ласы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының заңды жалғасы деп білеміз. Әлемдік кеңіс­тікке ұлттық кодымыз арқылы шы­ғып, барша әлем халықтарына қа­зақ­­тың жанын, Тәуелсіздігіміздің мыз­­­ғы­мас рухын, қазыналы құн­ды­лық­­тарымызды дәріптеуді мұрат етеді.
Қазақ қаламгерлері өз шығар­ма­ла­рында қашанда тамыры мыңжыл­дық­тарға кететін төл тарихымызды зерттеп-зерделеуге, ұлттық құн­ды­лық­­тарымыздың насихатталуында осыған дейін де өлшеусіз еңбек сіңір­гені ақиқат. Ал, мына мақалада ай­тылған арналы жобалар қазақ әдебиетіндегі жаңа тарихи шығар­малардың жазылуына үлкен өріс ашпақ.
Демек «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған биік мақсат­тарды іске асыруда ақын-жазу­шы­лар­­дың рөлі орасан болмақ.
Осы орайда, Президент Әкім­шілігіне, ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне, сондай-ақ, облыс әкімдеріне «Ұлы даланың жеті қы­ры» бағдарламасы аясында байтақ Қазақстанның барлық аймақтарын қамтитын «Тарихи-әдеби өлкетану» жобасын ұсынамыз. Аталған жоба шежірелі тарихымызды қайта сараптап, келер ұрпаққа мұра болар тарихи тақырыптарға арналған жаңа шығар­малардың жазылуына мұрындық болады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдар­ла­масын Қазақстан Жазушылар ода­ғы­ның барлық мүшелері және барша қаламгерлер қауымы қолдайды әрі мәдени өміріміздегі үл­кен серпіліс болатынына сенім білдіреді.

Пікір қосу

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.