РУХАНИ АЗЫҚ ЖИҒАН САПАР

0
13 қаралды

Қазан айында өзім жұмыс істейтін «Атырау-Ақпарат» медиахолдингі мен Қазақстан Жазушылар одағы аймақ журналистері үшін бұрын-соңды болмаған жобаны жүзеге асырды.
Біз, осы холдингке қарасты об­лыс­тық және аудандық газеттердің жауапты хатшылары, 6 қазан күні шойынжолдың бойымен Алатауды бетке алдық. Атыраудан шыққан онымыз рухани астанамызда «Жур­на­лис­тика: заманға сай креативті даму» атты оқу-семинарға қатыстық. Кезінде Ғабит Мүсірепов бастаған қазақтың маңдайалды ақын-жазу­шы­лары тынығып, шығармаларын жазған Қазақстан Жазушылар ода­ғы­­ның шығармашылық үйіне, «Әл-Фараби» қонақүйіне тоқтадық. Сол күні үш кездесу өтті. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық универ­сите­тінің оқытушысы, филология ғы­лым­дарының докторы, профессор Зинол-Ғабден Бисенғали бүгінгі әдебиеттегі негізгі бағыттарды тар­қа­тып айтты. Тарихи шығармалар өзе­гінде нақты деректер аз екенін, ал бұл тарихты бұрмалауға әкелетінін зерделеді. Көрнекті жазушы Дулат Исабеков қазір романдардың дәу­рені өткенін, қысқа повестер мен әңгімелер жазу өзекті екенін айтты. Тақырып таңдауда да келелі кеңес­терді құлағымызға құйып ал­дық. ҚР Қоғамдық даму министрінің штат­тан тыс кеңесшісі Айдос Сарым Елбасы Жолдауынан туындайтын мәселелерге екпін жасады. «Бір тері­нің пұшпағын илеп жатқан» жур­на­лис­тер, әрине, газет-журналдар ре­дак­циясына бас сұқпай кетпейтіні анық. Біз бір-екі күнді қазақ газет-журналдарының редакциясын ара­лауға арнадық. Ал Ұлттық кітап­ханаға барғанымызда, кітапхана әкім­шілігі бәрімізге оқыр­ман биле­тін табыстады. Одан әрі әдебиеті­міздің классиктері М.Әуе­зов,
С.Мұқанов және Ғ.Мүсіре­повтер тұрған үйлерде болдық. Бү­гінде бұл орындар, әрине, мұ­­ра­­жайларға айналған. Қазанның 16-сы күні – Алматымен қоштасар күні Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төр­а­ғасының орынбасары Бауыржан Жақып оқу-семинарға қатысқанымыз үшін арнайы серти­фикаттарды табыс етті. Рухани азық жиған бұл сапар жады­мызда сақталары анық.

Салтанат ЖАКУПОВА
Құлсары – Атырау – Алматы – Атырау – Құлсары

Пікір қосу

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.