ТУҒАН ЕЛІН БАҚЫТЫНЫҢ БАСТАУЫНА БАЛАҒАН АҚЫН

0
6 қаралды

Қазан айының орта шенінде Астана қаласындағы ҚР Қарулы Күштері Ұлттық-әскери патриоттық орталығында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, жазушы Есенгелді Сүйіновтің 60 жасқа толуына орай «Қазақстан – бақытымның бастауы» атты шығармашылық кеші өтті.

Кешке қаламгердің Астана­да­ғы және Алматыдан, Көк­ше­тау­дан келген жақындары мен туыстары, достары, ақын-жазу­шылар, журналистер, компози­тор­лар, бірқатар мемлекеттік ұйымдардың өкілдері қатысты. ҚР Мәдениет және спорт ми­нис­трлігінің өкілі Бекзат Сма­ғұлов мерейтой иесіне ми­нистр­ліктің құттықтау хатын табыс етті. Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасы бас­шы­сының орынбасары Берген Жұме­кей­ұлы жерлестері атынан иығына шапан жапты. Астана қаласы Байқоңыр ауданы әкі­мінің орынбасары Ерлан Жау­лы­баев та осы рәсімді жал­ғас­тырды. Кеште Қ.Қуанышбаев атын­дағы Қазақ драма театры­ның артис­те­рі ақын өлеңдерін оқыса, Ас­тана мемлекеттік академия­лық филармония­сы­ның әншілері Е.Сүйіновтің жұбайы, өмірден ерте кеткен талантты ақын Мар­фуға Бекте­мі­ро­ваның өзі шы­ғар­ған және өл­еңдеріне жазыл­ған әндерді шыр­қады. Жиналған қауым «Са­­рыарқа» халық му­зыка ан­сам­блінің орын­дау­ын­да күй тыңдап, Астана циркі артис­те­рінің жонглерлік өнерін тама­шалады. Жазушы Әнес Сарай өзімен етене араласып, туған інісіндей болып кеткен Есен­гелді Сүйінов пен марқұм Мар­фуға Бектемірова туралы жылы лебізін білдірді. Ақын Несіпбек Айтұлы Қазақстан Жазушылар одағының құттықтау хатын оқып, мерейтой иесіне Абайдың мүсінін табыс етті. Ақын Серік Тұрғынбеков пен профессор Ба­қытжан Тобаяқов жазушының шығармашылығы жөнінде па­йым­­ды ойларын ортаға салды. Кеш соңында ақын Есенгелді Сүйінов жаңа өлеңдерін оқып, кешті өткізуге көмектескен жа­на­шыр азаматтарға, достарына алғыс айтты.

Пікір қосу

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.