Ауа райы өзгерісі және ғаламдық жылыну мәселесі
30.03.2018
6084
1

Климаттық жағдайлар мен елімізде болған түрлі ауа райы құбылуларына қатысты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география және табиғатты пайдалану факультетінің метеорология және гидрология кафедрасының аға оқытушысы Гүлнұр Мұсралинова әңгімелейді.


Гүлнұр МҰСРАЛИНОВА,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география және табиғатты пайдалану факультетінің метеорология және гидрология кафедрасының аға оқытушысы


– Соңғы жылдары әлемнің түк­пір-түкпірінде ауа райының күрт өзгеруі байқалуда. Мәселен, мүлде қар жаумайтын сахараның өзі­не қар түскені әлеуметтік же­лілердегі видеолар арқылы та­рал­ған болатын. Әлемді былай қой­ған­да, биылғы Астанадағы боран ел­дің үрейін ұшырды. Еліміздің бас­қа да аймақтарындағы су тас­қы­нынан да қаншама халық зар­дап шегуде. Жалпы, мұндай өз­геріс­тердің себебі неде? Ауа райы бол­жаушылары тарапынан мұндай тосын жағдайларға төтеп беру мен қан­дай алдын алу шаралары ат­қары­лады?
– Қазір климаттың жаһандық жылынуы байқалуда. Бұл мәселе климаттың өзгеруіне және жер бетінде әр түрлі құбылыстардың туындауына, сондай-ақ ауа райы өзгеруіне алып келуде. Биылғы жыл­дың қысы Қазақстанда қар­лы борандарымен, әсіресе сол­түстік, орталық және шығыс об­лыс­тарында ауа райының күрт сал­қындауымен есте қалды. Осы қаңтарда байқалған синопти­калық жағдай бұрын да тіркелген: мысалы, 1953 және 1968-1969 жыл­дардағы қыс мезгілі.
Қазгидромет мекемесінің си­ноптик мамандары алдын ала осы дауылды жағдай жайлы ес­керту дайындап, құзырлы орган­дар­ға хабарлама береді.
Мұндай төтенше жағдайларда алдын алу қызметімен синоптик мамандары айналыспайды. Си­ноптиктер қауіпті және апатты табиғат құбылыстарына бақылау жүргізіп, дауылды ескертулер бол­жамын жасап, мемлекеттік орган­дар­ды, әкімшіліктерді және Тө­тен­ше жағдай департа­мент­те­рін осы ақпараттармен қамта­ма­­сыз ете­ді. Ал, алдын алу және тө­теп бе­ру іс-шараларын жүргізетін жоға­ры­да айтылған мемлекеттік орган­дар.
– Республикамызда ауа райын болжау мен атмосфералық құбы­лыс­тарды зерттеу саласының та­ри­хы қандай?
– Еліміздің ауа райын алғаш зерт­теген ғалым Шоқан Уәлих­а­нов болатын.
Ол Іле, Жоңғар Алатауындағы ат­мосфера қысымын, ауа тем­пературасы мен ылғалдылығын, жел күшін құрал-аспаптармен ба­қылап зерттеген. Қазақстанда ал­ғашқы аспаптық метеоро­ло­гиялық бақылау жүргiзу 1855 жы­лы Қазалы және Семей қа­лаларында басталған болатын. Ал 1917 жылы Қазақстан аумағында 94 метеорологиялық станциялар мен 49 бекеттер, 123 гидроме­тео­рологиялық бақылау бекеттерi жұ­мыс iстедi. 1999 жылы 2 нау­рыз­да Қазақстан Республикасы Үкіметінің №185 қаулысына сәй­кес, Қазақстан Республи­ка­сының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылды. Халықара­лық метеорология күнi болып Дү­ниежүзілік Метеорологиялық Ұйымның шешiмiмен 23 наурыз тағайындалған.
– Әл-Фараби атындағы Қа­зақ ұлт­тық университетіндегі «Метео­ро­логия» мамандығының тарихы ту­ралы айтып өтсеңіз?
– Қазақстанда ауа райын бол­­­жауды, зерттеуді «Метео­ро­лог» мамандарын әл-Фараби атын­дағы ҚазҰУ география және та­биғатты пайдалану факуль­те­тінде метеорология және гид­ро­логия кафедрасында дайындай­ды. «Метеорология» маман­дығы КСРО «Гидрометқызмет» бас бас­­­қармасының және Қазақ ГМҚБ (гидрометқызмет бас­қар­масының) қолдауымен физи­ка­лық география кафедрасында 1960 жылы 1 қыркүйекте ашыл­ған болатын.
Метеорология және гид­ро­ло­гия кафедрасы бакалавр гидролог жә­не бакалавр метеоролог ма­ман­дарды даярлайтын респуб­ли­кадағы жалғыз кафедра. ҚР Тәуел­сіздігін алғаннан кейін жо­ғары метеорологиялық білім беру құрылымына алғашында үш са­тылы білім енгізілді: 1 – бака­лавр-метеоролог, 2 – магистр-метеоролог (екі жылдық оқу), 3 – Phd докторант. Маман­дық­тарды дайындау қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Кафедра­ның лабораториялары оқу про­цес­терін толық ұйымдастыру үшін оқу-лабораториялық ме­теорология орталығы жұмыс ат­қарады. «Гидрометқызметтің» қол­дауымен керекті құрал-жаб­дықтармен қамтамасыздан­ды­рылған. Оқу метеорологиялық стан­са 1988 жылдан бастап бі­рін­­ші разрядты. Бұл стансада тұ­рақты метеорология бақы­лау­ларды, жазғы практика кезінде жылубалансты бақылауларын өткізуге мүмкіндіктері бар.
– «Метеорология» кафедрасы сту­денттерге ауа райын болжаудан басқа қандай дүниелерді үйретеді?
– Ауа райы болжаудан басқа, мысалы, метеорологиялық ас­пап­тардың шығу тарихын, бұл­т­тылықтың классификациясын, замануи аспаптардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптерімен таныстырудан басқа, еркін ат­мосферада болып жатқан про­цесстерге бақылау жасауға мүм­кіндік беретін аспаптармен та­нысып қана қоймай, жұмыс іс­теу принципін де игеруде. Оп­тикалық құбылыстардың пайда болу себептерін түсіндіріп, мағ­лұматтармен толықтыруда.
Жердің жасанды серіктерінің метеорология саласында да маңыз­дылығының бар екенін, оның қаншалықты маңызды еке­нін таныстырып, ол аппарттардан ал­ған сурет кескіндерден ауа райы болжауын жасауды, мә­лі­мет­терді қолдануды үйретуде. Геоақ­параттық жүйелер (ГАЖ) бағ­дарламасымен танысып, ауа райы болжамына қажетті жұмыс жа­сауды үйретеді.
– Жалпы, біздің елімізде бұл са­ла қаншалықты дамыған және осы салада тереңірек нені дамыту ке­рек?
– Бұл сала біздің елімізде әлі да­мытуды талап етеді. Ауа райы жә­не қауіпті құбылыстардың, бол­жам­дардың ақталушылығын арт­тыру мақсатында заманауи сан­дық әдістерін және сандық мо­дельдеуді қең түрде дамыту ке­рек.
– Осы салада басқа елдермен тә­жірибе алмасу жайы қалай?
– Әрине, басқа елдермен тә­жі­рибе алмасу мәселесі алға қой­ған мақсаттарымыздың бірі. Осы орайда біздің Метеорология жә­не гидрология кафедрасы Ресей мем­лекеттік Гидрометеоро­логия­лық университеті (Ресей), Ха­лық­аралық Мәскеу унвиерситеті (Ресей), Ноттингем Университеті (Ұлыбритания), Кипр Уни­вер­ситеті, Валенсия Техникалық Уни­­верситеті (Испания), Лей­пциг Университеті (Германия), Мид­лсекс (Улыбритания) сияқ­ты жоғарғы оқу орындармен ты­ғыз байланыста. Яғни, Акаде­мия­лық ұтқырлық саясаты негі­зін­де бүгінгі таңда ішкі және сырт­қы академиялық мобиль­ді­лік бағдарламаларын сәтті жүзеге асырудамыз. Студенттердің шет­ел­дік жоғары оқу орындарына ба­­рып білім алуы, тәжірибеден өтуі, жазғы мектеп сияқты жо­ба­лар жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, оқытушылар мен осы сала­ның ғалымдарының шетелде кон­фе­ренциялар мен дәрістерге қа­тысуы, ғылыми жобаларға қа­тысуы, ғылыми мекемелерінде қыз­мет атқаруы жиілей түсуде.
– Әңгімеңізге рахмет!

Әңгімелескен
Нұрлайым ЖАҚЫПҚЫЗЫ.

ПІКІРЛЕР1
Аноним 30.03.2021 | 15:33

Рахмет

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір