КҮРД ӘДЕБИЕТІ мен МӘДЕНИЕТІН ТАНЫСТЫРУ МӘСЕЛЕСІ КӨТЕРІЛДІ
28.07.2023
185
0

26 маусым күні Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма Төрағасы Мереке Құлкенов «Барбанг»  күрдтер қауымдастығының Басқарма мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері, «Князь Ибрагимович Мирзоев қорының» төрағасы, «Нубар» әдеби-көркем журналының редакция алқасының мүшесі, қоғам қайраткері Рафик Мирзоевты қабылдады.

Бұл басқосуда «Қазақ әдебиеті қаламгерлері мен «Барбанг» Қазақстан күрдтері қауымдастығының қарым-қатынасын нығайту» мәселесі қарастырылды. Бұған дейін Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева Ассамблея отырысында күрд аңыз-әңгімелерін, ертегілерін, салт-дәстүрлері жайлы жазбаларды қазақ тіліне аударып, ұлтымызға таныстыру жайлы бастаманы ұсынған болатын. Осыған орай, күрд мәдениеті мен әдебиетін қазақ жұртына, әдеби ортаға таныстырып қана қоймай, берік байланыс орнату  мәселесі қарастырылды. Сонымен қатар «Барбанг» Қазақстан күрдтерінің қауымдастығы ұлттық әдебиетімізге тек рухани ғана емес, материалдық тұрғыдан да көмектесуді көздейтінін жеткізді.
«Бұл Қазақстан Жазушылар одағының өзге де қоғамдық ұйымдармен тығыз қарым-қатынас орнатуының бастамасы болмақ», – деді ­М.Құл­кенов.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір