«Ұлы Дала Елі»
01.12.2017
496
0

Алматыдағы М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында жыршылардың халықаралық «Ұлы Дала Елі» фестивалі өтті. Іс-шара Астана қаласының жиырма жылдығына орай ұйымдастырылды.

Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында дәстүрлі өнерді қолдау және жаң­ғыр­ту барысында жүйелі жұмыстар жүру­де, осыдан бір ай бұрын ғана Ал­матының мәдениет пен шы­ғар­ма­шыл қала ретінде ЮНЕСКО-ның шығармашыл қалалар Желісіне енуі де сондықтан.
Кеште сөз алған Алматы әкімі: – «Алатау» дәстүрлі өнер театрының жә­­не дәстүрлі музыканың муль­ти­медиялық орталығының ашылуы мәдениетіміздің дамуына жаңа серпіліс берді және дәстүрлі орын­даушылар үшін жаңа мүм­кін­діктер ашты. Өткен жылы халық­тар­дың ұлттық өнерін танытатын «Ұлы дала елі» халықаралық жыршы-тер­ме­шілер фестивалі, «Әуенмен тер­бел­ген мың жыл» атты дәстүрлі музыка фестивалі, «Алтын домбыра» ақын­дар айтысы, Ықылас атындағы музыкалық аспаптар музейі негізінде «Інжу маржан» телебағдарламасы өтті. Алматының 1000 жылдығын ме­рекелеу аясында өткен жылы ха­лық­аралық «Ұлы Дала Елі» фестивалі ұйымдастырылып, оған Түркияның, Қырғызстанның, Түркіменстан­ның, Әзірбайжанның жыршылары қа­тысқан болатын. «Марко Поло ізі­мен» халықаралық фестивалінде Франциядан, Грециядан, Үндістан­нан, Ираннан, Швейцариядан, Армения мен басақа да елдерден келген өнер­паз­дар өнер көрсетті», – деді.
Фестивальдің ашылу барысында Қа­­­зақстандағы Француз Рес­пуб­ли­касының Елшісі Филипп Мартинэ қа­зақша мүлтіксіз сөйлеп, жиналған көп­шілікті өнер мерекесімен құт­тық­тай келе, жыршы Ұлжан Бай­босыноваға Франция Мәдениет ми­нистрлігінің «Өнер және Әдебиет Ка­валері» орденін табыс етті.
«Бұл орден Франция Рес­пуб­ли­ка­сының ғана емес, сонымен қатар бү­кіл әлем мәдениетін дамытуға қос­қан зор үлесі үшін беріледі. Кәсі­би шеберлігіңіз арқылы Сізді ең үз­дік жыршы және күйші ретінде та­ниды», – деп атап өтті Филипп Мар­тинэ.
Этнофестивальға Сыр, Орал, Маң­ғыстау өңірінің жыраулық өне­рінің хас шеберлері, бүгінгі қазақ жыр­шыларының ақсақалдары Қа­ти­молла Бердіғалиев, Бидас Рүстем­беков, Өсербай Сәрсенбаев бастаған жыршы-термешілерімізбен қатар, Өз­бекстан, Түркіменстан, Қарақал­пақ елдерінен келген жыршылар да қа­тысты. Сахнада Мұрат Мөңкенің «Үш қиян» дастаны, Сүгірдің тол­ғауы, Нартайдың бастауы, Майлы­қо­жа­ның «Жақсы бір адам қартайса» тер­месі, Балтабасов Түменнің «Маң­ғыстау» дастаны орындалды.
Өзбекестаннан келген Шодмон Ху­жамбердиевтің орындауындағы «Көрұғ­лы» дастаны, Қарақал­пақс­тандық Бақберген Сырымбетовтің орын­дауындағы «Халық» термесі кө­рермен көңілінен шықты.
Түркіменстандық жыраулардың орын­дауындағы «Көроғлы» жыры ата­дан балаға мұра боп, бүгінгі за­ман­ға жетті.
Өнер кешінде жас жыршылар да ха­­лық алдына шықты. Нақтырақ айт­­қанда, Уатхан Шаттық, Жұлдыз Ысқақова және Рауан Әбілбаев ұлт мұ­расының тұнығынан нәр татыр­ды.

Садық Алмасұлы.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Имя
E-mail
Пікір
 

error: Көшіруге болмайды! Авторлық құқықты бұзбаңыз !!