Жауапкершілік санадан басталады
24.09.2026
71
0

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №54 жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сыныбында сынып жетекшісі Назерке Уранқызының ұйымдастыруымен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Күйзеліс дос па, әлде жау ма?», «Үйге қауіпсіз оралу: қолайсыз ауа райында не істеу керек?» тақырыптарында сынып сағаты өткізілді.

Сабақ барысында оқушылар күйзелістің пайда болу себептері мен оны дұрыс басқару жолдарын талқылап, өз сезімдерін түсіну және жағымсыз эмоцияларды жеңу тәсілдерімен танысты. Сонымен қатар қолайсыз ауа райында қауіпсіздік ережелерін сақтау, қауіпті жағдайларды алдын ала болжау және үйге қауіпсіз оралу жолдары туралы пайдалы ақпарат алды.
Оқушылар топтық тапсырмалар орындап, жағдаяттарды талдап, өз ойларын еркін жеткізді. Тәрбие сағаты білім алушылардың жауапкершілік, өзара қолдау, достық және қауіпсіздік құндылықтарын нығайтуға бағытталды.
Аталған білім ошағында оқушыларға жол қауіпсіздігі ережелерін сақтау мақсатында Шымкент ҚПД Абай АПБ ҚҚБ ЮПТ УПИ полиция аға лейтенанты Бағдат Тұрдалы «Абайлаңыз, балалар!» тақырыбы бойынша жолда жүру ережелерін түсіндірді.
Сонымен қатар 16 қыркүйек күні «Бала тәртібі – ата-ана мен мектептің ортақ жауапкершілігі» тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Шара аясында: 2026 – 2027 оқу жылының басталуы және аяқталуы турасындағы Шымкент қалалық білім басқармасының 17.08.2026 жылғы N619- н/қ бұйрығымен таныстыру; «Мектепке жол» республикалық қайы­рымдылық акциясы (мемлекет және демеушілер тарапынан көрсетілген әлеу­меттік көмек); мектептің ішкі тәртіп ережесі (мектеп формасы, мектеп, ата-ана, оқушы арасындағы келісімшарт ҚР БжҒ 2016 жылғы 28 қаңтардағы N93 бұйрығының 2-қосымшасы); 1 сынып және 5 сыныптың бейімделуі; жаңа оқу жылына ата-аналар комитетін сайлау, бекіту; кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық, буллинг, кибербуллингтің алдын алу; жолда жүру қауіпсіздігі; ұл мен қыз тәрбиесі сынды негізгі тетіктерге басымдық беріліп, талқыланды.
Мектеп қабырғасында 17 қыркүйек күні ұл балаларға арналған жиналыстың өткізілуі де тәртіпке бастайтын жол. Жиналысқа Шымкент ҚПД Абай ҚҚБ ЮПБ УПИ полиция капитаны Тұрдалы Бағдат қатысты.
Білім алушылар арасында мектеп тәртібін сақтауды, мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауды, жауапкершілік пен тәртіп мәдениетін қалыптастыруды мақсат тұтқан жиында: мектептің ішкі тәртіп ережелері мен күнделікті талаптары түсіндірілді; мектеп формасын талапқа сай киюдің маңыздылығы айтылды; білім алушылардың сабаққа уақтылы қатысуы және оқу тәртібін сақтау мәселелері талқыланды; мектеп мүлкіне ұқыпты қарау, тазалық пен қоғамдық тәртіпті сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді; ұл балалардың әдептілігі, жауапкершілігі және өзара сыйластық мәдениеті туралы сөз қозғалды; қау­іпсіздік талаптарын сақтау және жағымсыз жағдайлардың алдын алу мәселелері қарастырылды.
Жиын соңында білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікірлерін білдірді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір