«Қонаев» кемесі теңіз төрінде
28.08.2026
50
0

Батыс Қазақстан облысына қатысты биылғы айтулы өндірістік жаңалықтардың бірі – еліміздегі кеме шығаратын жалғыз өндіріс ошағы «Зенит» зауытынан мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың атындағы жаңа кеменің шығуы.

Аталмыш кәсіпорын конвейерінен шыққан әзірше ең ірі кеменің осы жылғы 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні сауыры суға тиіп, Жайық өзені арқылы Каспий теңізіне бағыт ұстаған болатын. Салмағы 720 тонна болатын алып кеме – зауыттан шыққан 37-су көлігі. Оның ұзындығы 51 метрге, ені 9,5 метрге жетеді. Жүк трюмінің көлемі – 30 текше метр. Заманауи талаптарға сай жабдықталған кеменің жылдамдығы 16 түйінге дейін жетіп, 8 балдық дауылға төтеп бере алады. Көпбейінді кеме ҚР Әскери-теңіз күштерінің тапсырысы негізінде жасалды. Ол әскери кемелер мен катерлерді дизельдік отынмен, ауыз сумен, азық-түлікпен және өзге де материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету міндетін атқарады. Экипаж құрамында 30 маман бар. Олардың өз кәсіби міндеттерін уақтылы әрі сапалы атқаруы үшін үшбу кемеде бүкіл жағдай ойластырылған. Сенімді дереккөздерінен алынған мәліметке қарағанда, «Қонаев» бүгіндері теңіз төрінде өзінің миссия-функциясын мінсіз атқаруда.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір