Қырағылық – басты қару
28.08.2026
42
0

Жыл басынан бері Қазақстанда интернет-алаяқтықтың 16 мыңнан астам дерегі тіркелген. Қылмыскерлер көбінесе банк қауіпсіздік қызметкерлері немесе құқық қорғау органдарының өкілдері ретінде өздерін таныстырып, ештеңеден бейхабар азаматтарға қоңырау шалған.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі телефон нөмірлерін қолдан жасау (спуфинг) арқылы жүзеге асырылатын онлайн-алаяқтық жағдайларының көбейгені туралы ескертеді. Айта кетерлігі, мұндай қылмыстық схемаларда пайдаланылатын нөмірлер банктерге немесе құқық қорғау органдарына тіркелген болуы мүмкін. Азаматтардың ұялы телефондарына банк немесе полиция өкілдері ретінде таныстырған адамдардан банк картасынан рұқсатсыз ақша аударылғаны туралы хабарлайтын қоңыраулар түсетін алаяқтық жағдайлары тіркелді.
Заңсыз транзакцияны бұғаттау үшін пайдаланушыдан банк картасының деректерін – атап айтқанда, карта нөмірі мен оның сыртқы жағындағы CVV кодты ұсыну сұралады. Шын мәнінде, алынған деректер кейіннен пайдаланушының карта шотынан немесе депозитінен рұқсатсыз ақша аударымдарын жасау үшін пайдаланылады.
Кейбір жағдайларда азаматтарды депозит­тік шоттарындағы қаражатты шешіп алып, оны «сақтандыру шоты» деп аталатын шотқа аударуға көндірген. Сондай-ақ өз атына несие алу әрекеттері туралы хабарланғаннан кейін мүлкін кепілге қойған немесе сатқан, ал түскен қаражатты алаяқтар көрсеткен шоттарға өз еркімен аударған адамдарға қатысты оқиғалар да тіркелген.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі азаматтарды қырағы болуға және қарапайым ережелерді сақтауға шақырады. Солардың ең бастысы – жеке деректерді немесе банк картасының мәліметтерін ешқашан жарияламау, ақша аудару туралы түбіртектерді, әсіресе кодтар мен құпия сөздерді ешкімге (тіпті банк, полиция немесе басқа да осы тектес мекемелердің өкілдеріміз деп таныстырған адамдарға да) бермеу.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір