Мақсат — толыққанды цифрлық елге айналу
04.08.2026
17
0

Мемлекет Басшысының Жарлығымен 2026 жыл – Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияландығы жұртшылыққа белгілі. Бұл бастаманың басты мақсаты – Қазақстанды толыққанды цифрлық мемлекетке айналдыру, мемлекеттік қызметтерден бастап экономика, денсаулық сақтау және білім беру жүйелеріне дейін озық технологиялар мен жасанды интеллектіні (ЖИ) кеңінен енгізу болып табылады.


Сондай-ақ цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы инфрақұрылымды дамыту отандық экономиканы нақты трансформациялау ісінде басты рөл атқарады. Бүгінгі таңда цифрландыру экономикамен және күнделікті өмірмен қатар дамып қана қоймай, олардың ажырамас бөлігіне айналуы қажет.
Осыған байланысты билік уәкілетті органдарға экономикаға елеулі әсері болатын практикалық цифрлық шешімдерге назар аударуды тапсырды. Қазіргі заманғы қауіп-қатерлер мен төтенше жағдайларға қарсы тұру құралдарын жасауға ерекше көңіл бөлінді. Сондай-ақ жасанды интеллект дамыған сайын алаяқтық жағдайлардың да анағұрлым жетілген түрлері пайда болу қауіпі бар. Ішкі істер, Жасанды интеллект министрліктері мүдделі мемлекеттік органдармен бірге осындай әрекеттерді тиімді анықтау және тану тетігін әзірлеуде.
Цифрландыру және жасанды интеллект жылын сәтті өткізу үшін кәсіби қоғамдастық пен халықты кеңінен тарту қолдға алынып отыр. Цифрландыруды дамытудың құқықтық негізін қалыптастыратын Парламент қабылдаған Цифрлық кодекске заңнамалық актілерді сәйкес келтіру жөніндегі жұмыс маңызды болып саналады. Басқа да заңнамалық актілерге өзгерістер әзірлеп, Мәжіліске енгізу, сондай-ақ заңға тәуелді барлық салалық құқықтық актілерді сәйкестікке келтіру қажет болады. Жүргізіліп жатқан заңнамалық өзгерістер бойынша IT-қоғамдастық пен жұртшылық арасында кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Жасанды интеллект мемлекеттік секторда да белсенді енгізілуде. Оны қолдану атүсті автоматтандыруға емес, қалыптасып қалған процестерді қайта қарауға, мемлекеттік функцияларды орындаудың неғұрлым тиімді модельдеріне көшуге және бюрократиядан арылуды одан әрі жалғастыруға әкелуі керек.
Ақпараттық жүйелердің сенімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік Tier-III деңгейіндегі деректерді өңдеу орталығы жұмыс істеуде. Бұл тек бастамасы ғана, атқарылар ауқымды істер әлі алда.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір