Еңбек қауіпсіздігі – заңмен қорғалған құқық
29.04.2026
58
0

Гүлнар ЖАНБЕКОВА, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі

Қазақстан Республикасында еңбектің қауіпсіз жағдайларына құқық: заңнамалық кепілдіктер еңбектің қауіпсіз және салауатты жағдайларына құқық адам құқықтарының негізгі әлеуметтік құқықтарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасында ол конституциялық және салалық деңгейде бекітілген және қызметкерлердің өмірін, денсаулығын және еңбекке қабілеттілігін қорғауға бағытталған.
Еңбектің қауіпсіз және салауатты жағдайларына құқық Қазақстан Республикасындағы негізгі әлеуметтік кепілдіктердің бірі болып табылады және қызметкерлердің өмірін, денсаулығын және еңбекке қабілеттілігін қорғауға бағытталған. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген, оған сәйкес әрбір азамат қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай еңбек жағдайларына құқылы (24-бап). Бұл ереже Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде нақтылай түсірілген.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 179–180-баптарына сәйкес мемлекет еңбекті қорғау саласында реттеу мен бақылауды жүзеге асырады, міндетті қауіпсіздік талаптарын белгілейді, ал олардың сақталуы барлық жұмыс берушілер үшін міндетті болып табылады. Бұл ретте еңбек жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмсалатын барлық шығындар жұмыс берушінің есебінен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасы еңбекті қорғау саласында қызметкерлердің құқықтарының кең ауқымын қарастырады. Еңбек кодексінің 181-бабына сәйкес әрбір қызметкердің қауіпсіз жұмыс орнын алуға, еңбек жағдайлары туралы толық ақпарат алуға, жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуге, қауіпсіз еңбек әдістеріне оқытылуға, сондай-ақ өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда жұмысты орындаудан бас тартуға құқығы бар. Қызметкерге сонымен қатар оның еңбек құқықтарын қорғау және уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгіну мүмкіндігі кепілдендіріледі.
Ерекше назар жекелеген қызметкерлер санаттарын қорғауға аударылады. Атап айтқанда, заңнама кәмелетке толмағандарға еңбекті қорғау бойынша күшейтілген кепілдіктерді қарастырады, оның ішінде оларды ауыр, зиянды және қауіпті жұмыстарға тартуға тыйым салу, жұмыс уақытының ұзақтығын шектеу және денсаулық пен дамуды сақтауға бағытталған арнайы еңбек жағдайларын міндетті түрде қамтамасыз ету бар. Әйелдер үшін қосымша кепілдіктер белгіленген, оның ішінде зиянды және қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыстарды орындауға шектеулер, ана болуды қорғау, сондай-ақ әлеуметтік және еңбек жеңілдіктерін беру қарастырылған. Мүгедектігі бар адамдар да мемлекеттің ерекше қорғауында: олар үшін денсаулық жағдайының жеке мүмкіндіктерін ескере отырып еңбек жағдайлары қамтамасыз етіледі, жұмыс орындары бейімделеді және жұмыспен қамту саласында кемсітушілікке тыйым салынады.
Жұмыс берушінің міндеттері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 182-бабында бекітілген. Ол қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, қызметкерлерді оқыту мен нұсқама жүргізуді ұйымдастыруға, міндетті медициналық тексерулерден өткізуге, жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етуге, сондай-ақ өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруге және есепке алуға міндетті. Жұмыс беруші қауіпсіз өндірістік ортаны құру үшін толық жауапкершілік көтереді.
Осылайша, Қазақстан Республикасының заңнамасы қызметкерлердің денсаулығын қорғауға, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге және кәмелетке толмағандардың, әйелдердің және мүгедектігі бар адамдардың ерекше құқықтарын сақтауға бағытталған құқықтық кепілдіктердің кешенді жүйесін қалыптастырады, бұл мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бөлігі болып табылады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір