Айым алтын медальмен оралды
27.04.2026
38
0

Таэквондодан Ташкентте өткен жастар арасындағы Әлем чемпионатына 120 елден 1000-ға жуық спортшы қатысты. Он алты жастағы қазақ қызы Айым Серікбаева Қазақстанға тарихи алтын медаль сыйлады.

Бұл 20 жыл күткен алтын медаль еді. Сондай ақ Айым Ташкенттегі әлем чемпионатында қыздар арасында «Үздік спортшы» атанды. Алты күн бойы аққан тер лайықты бағасын алды. Ал Ерасыл Ерзат, Ислам Медетбай, Алидар Абдукаримов және Әділет Шералы қола жүлдені місе тұтты. Осылайша, Қазақстан құрамасы 5 медаль еншіледі. Спортшыларымыз әлем біріншілігіне үлкен дайындықпен келген қарсыластарының өнерін көріп, өз тәжірибелерін шыңдауға да мүмкіндік алды.
Жуырда Әлем чемпионатында жүлде алған қыз-жігіттер елге оралды. Енді Сенегал Дакар қаласында жасөспірімдер арасында олимпиадалық ойындар өтеді. Спортшылардың тыңғылықты дайындықтар жүргізіп ол жақтан да олжалы оралатындықтарына сенімдері мол.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір