МӘЖІЛІСТЕ ИНКЛЮЗИВТІ САЯСАТТЫ ІСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ
27.04.2026
36
0

21 сәуірде облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Үкімет отырысынан кейін инклюзивті саясатты іске асыру шаралары және бірқатар өзекті мәселелерге қатысты мәжіліс өткізді. Аталған мәжіліске селекторлық режим арқылы қатысып, мәжілістен кейін күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктедік.

Бүгінде ауданда мүгедектігі бар 3383 азамат тіркелген. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде 2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасы қабылданғанын айтып, тұжырымдама ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету, әлеуметтік қызметтер сапасын арт­тыру және кедергісіз орта құруға бағытталғанын жеткіздік.
Осыған сәйкес ауданда ерекше қажеттіліктері бар адамдардың әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз етумен қатар, инклюзивті білімге қолжетімділігін арт­тыру, тұрғын үй жағдайын жақсарту, мәдени және спорттық іс-шараларға қатысуына жағдай жасау, кедергісіз орта қалыптастыру бағытында тиісті сала басшыларына қатаң тапсырмалар жүктедік.
Мәжілістің күн тәртібінде көктемгі әскерге шақыру науқанының ұйымдастырылуы мәселесін де қарадық. Қазіргі таңда белгіленген жоспардың орындалуы төмен деңгейде екенін айтып, бірқатар ауылдық округтерден жұмыс мүлде жүргізілмегенін қатаң сынға алдық. Жауапты тұлғаларға жастарды әскерге шақыру жұмыстарын күшейтіп, көрсеткіштерді қысқа мерзімде орындауды тапсырдық.
Жиында ауданның санитарлық тазалығы мәселесіне қатысты аудан орталығы мен елді мекендердегі тазалық жұмыстары бойынша кемшіліктерді атап көрсетіп, анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жою жөнінде тапсырмалар бердік.
Жиын қорытындысымен мәжілісте берілген әрбір тапсырманың орындалуы тұрақты бақылауда болатынын ескерттік.

Алмасбек ЕСМАХАНОВ

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір