Жаңа заманауи кітапхана ашылды
22.12.2025
123
0

Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында жаңа заманауи кітапхананың ашылу салтанаты өтті. Бұл игі бастама елдің рухани кеңістігін кеңейтіп, кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды мәдени оқиға ретінде бағаланды.

Салтанатты шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов, Қазақстанның халық жазушысы Ахметжан Аширов, Қазақ радиосының дикторы, ҚР еңбек сіңірген артисі Сауық Жақанова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Досжан, әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы Қансейіт Әбдезұлы,Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма Төрағасының орынбасары Бейбіт Сарыбай, сондай-ақ белгілі ақын-жазушылар, республикалық және қалалық кітапханалардың өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.
Жиын барысында сөз алған қонақтар жаңа кітапхананың Тәуелсіздік күнімен тұспа-тұс ашылуының символдық мәніне тоқталып, бұл нысанның ұлттық руханият­ты нығайтудағы, жас ұрпақтың зияткерлік әлеуетін арттырудағы маңызын атап өтті.
Заманауи талаптарға сай жабдықталған кітапхана барлық келушілерге, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға да толық қолжетімді орта қалыптастырып, инклюзивті қоғам құруға бағытталған. Мұнда оқырмандарға қолайлы оқу залдары, цифрлық ресурстар, мәдени-танымдық кездесулер өткізуге арналған кеңістіктер қарастырылған.
Аталған жоба Алматы қаласының мәдени, әдеби инфрақұрылымын дамытуға, кітапханаларды қоғамдық өмірдің маңызды орталығына айналдыруға бағытталған жүйелі жұмыстың жарқын көрінісі болды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір