Әдебиет музейіне қазақ қаламгерлерінің кітаптары сыйға тартылды
22.12.2025
46
0

Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма Төрағасы Мереке Құлкенов бастаған қаламгерлер делегациясы Бейжіңдегі заманауи әдебиет музейінде болып, музей қорына қазақ қаламгерлерінің кітаптарын сыйға тартты.

Бұл жалпы аумағы 30 000 шаршы метрден асатын Қытайдағы алғашқы әрі әлемдегі ең ірі әдеби мұражай – Қытайдың заманауи және жаңа дәуір әдебиетінің даму тарихына, сондай-ақ жазушылар мен әдеби жанрлардың жетістіктеріне арналған орын.
Алдымен, мұражай директоры Ван Цзюнь жазушыларға мұражайдың мәдени-шығармашылық естелік сыйлығын табыс етті. Содан кейін делегация мүшелері Чжу Цзыцин, Ба Цзин, Го Можо, Ай Цин, Лао Шэ, Е Шэнтао, Цао Юй, Биньсин, Лу Синь сынды қаламгерлердің мүсіндерін аралап, мұражай ішімен танысты.
Қытай қазіргі заман әдебиеті мұражайының атқарушы вице-директоры Ван Цзюнь, Қытай Жазушылар қауымдастығы Сыртқы байланыстар бөлімінің екінші дәрежелі инспекторы Ли Цян мен Қытай Жазу­шылар қауымдастығы Сыртқы бай­ла­ныс­тар бөлімінің Азия-Африка бөлімінің екінші дәрежелі ғылыми қызметкері Янь Сысюэ қазақ қаламгерлеріне мұражайдың ма­ңыздылығын айтып, толық мағлұмат бер­ді. Сонымен қатар Чжао Шули мүсіні, «Үтір» тасы, Дин Лин мүсіндерімен таныс­тыр­­ды.
Айта кетейік, музей алаңында орналасқан Қытайдың 5000 қаламгерінің аты жазылған құмыра мүсінінде Қытайдағы қазақ жазушысы, аудармашы Акбар Мәжиттің де аты жазылған.

Қазақстан Жазушылар одағының
Баспасөз қызметі

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір