«Аспанға құлаған» Қарт Мерей
05.12.2025
211
0

«Поэзия – азабы мол ауыр жол. Ақынның міндеті – өз сезімін өзі
тұтқындамау. Өзінің жан дүниесін қауымға жайып салу» деп поэзия алыптарының айтқанын көпшілік лирика сүйер қауым жақсы біледі. Ақын көңілі аласапыран болып келеді. Ақын кез-келген құбылыстың бағдаршамы іспеттес. Яғни, араласпайтын нәрсесі жоқ. «Шын ақын- үлкен ақыл иесі» деп мұзбалақ ақын Мұқағали сөзіне жүгінсек, қазірде көңіл тойдырып, өлеңдері көпшілік оқырманға танымал, ақыл айтатын жасқа жеткен, төрт аяғын нық басқан ақын деп Мерей Қартты айта аламыз.
М.Қарт лирикалары нағыз өмірге негізделген, қазіргі уақытта өз оқырманын тапқан, сөздеріне ән жазылған, өлеңдерінің қуат деңгейі парасат өрісі кеңге бой ұрған жұп-жұмыр поэзия.
Кез –келген ақын халықпен тығыз байланыста. М.Қарт та сондай ақын. Өз білгенін өзінен кейінгі толқынға үйретеді, білуі керекті аға буын ағаларынан сұрап – біліп, әркез ізденіс үстінде жүретін жалынды лирик.
М.Қарттың мәдениет саласына сіңірген еңбегі баршылық. Ол өз көрерменін осыдан бірер ай бұрын «Белгісіз бағыт» қойылымымен қуантқан болатын…
Осы жолы да поэзия сүйер оқырманымен шығармашылығын бөлісті. Абай атындағы қазақ музыкалық драма театрында Абай облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен «Аспанға құлау» атты шығармашылық кешін өткізді.
Кеш аясында ақынның «Аспанға құлау» атты жаңа кітабының тұсаукесері жасалып, автор өлеңдеріне құрылған театрландырылған қойылым мен поэзиялық бағыттағы концерттік бағдарлама көрерменге ұсынылды.
Аталмыш шара жас буынды лириканы сүюге, қазақтың қара өлеңінен үлгі ала отырып, өз елінің болашағына үлес қосуға шақыратын кең кеңістіктегі кеш болды. Жастардың шабыттануына жігер берді.

Рима Қанапияқызы,
Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасы

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір