XХVIII «ШАБЫТ» халықаралық фестивалі
02.12.2025
46
0

Астанада XХVIII «ШАБЫТ» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің «Поэзия» номинациясы бойынша жеңімпаздары марапатталды.

Жыр додасында Қазақ­стан Жазушылар одағы Басқарма Төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ғалым Жайлыбай, Қазақстан Жазушылар одағы Астана филиалының директоры Бауыржан Бабажанұлы, филология ғылымдарының докторы, ақын Жанат Әскербекқызы, [алықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Қалқаман Сарин қазылық етті.
Фестиваль нәтижесінде Гран-при жас ақын Дәурен Тілеуханға бұйырды. I орынды өскемендік Оразай Жеңісұлы мен астаналық Ділдә Уәлибекова иеленсе, ІІ орынды павлодарлық Еламан Қабділәшім мен астаналық Шапағат Әбдір олжалады. ІІІ орын көкшетаулық Серғазы Қайырболды мен астаналық Айзада Рахымжановаға бұйырды.
Бұған қоса, биыл бірнеше атаулы арнайы жүлделер табысталды. Исраил Сапарбай атындағы арнайы жүлдені Айдын Байыс (Астана), Күләш Ахметова атындағы арнайы жүлдені Ақгүлім Ерболова (Алматы), Темірхан Медетбек атындағы арнайы жүлдені Абзал Сүлейменов (Жетісу облысы), Есенғали Раушанов атындағы арнайы жүлдені Нұрбек Кеңесбай (Қосшы) иеленді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір