«АБАЙ ЖӘНЕ ТӘКЕН» ОҚЫРМАНҒА ЖОЛ ТАРТТЫ
21.10.2025
115
0

2 қазанда Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультетінде белгілі қаламгер, әдебиет сыншысы, профессор Қансейіт Әбдезұлының «Атамұра» баспасынан шыққан «Абай және Тәкен», «Ақиқаттың алдаспаны» атты кітаптарының таныстырылымы өтті. 

Жиынға жазушы, абайтанушы ғалым, академик Ғарифолла Есім, көрнекті әдебиет­танушы, профессорлар Серік Негимов, Рақымжан Тұрысбеков, Сәуле Ержанова, әйгілі журналист, жазушы Шархан Қазығұл, журналист, тарих зерттеушісі Ділдәбек Жәнібекұлы және бір топ жас ғалымдар қатысты. Дөңгелек үстелге модераторлық жасаған белгілі жазушы, факультет деканы Нұржан Қуантай сөз бастап, келген қонақтарға кезегімен сөз ұсынып отырды.
Іс-шара барысында қазіргі қазақ әдебиеті мен қазақ сынының, жақында жарияланған қазақ әдебиетінің ең таңдаулы жүз шығармасы туралы, сонымен бірге бүгінгі қазақ руханияты мен өнері, тарих пен ана тіліміздің өзекті мәселелері жайында әңгіме өрбіді. Әсіресе қазіргі абайтану ғылымының, бүгінгі әдеби сынға қатысты пікірлерімен бөлісті.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір