Балуандар 10 медальмен оралды

17–24 тамыз аралығында Болгарияның Самоков қаласында жастар арасында (U20) әлем чемпионаты өтті.
Қазақстан құрамасы әлемдік додада 1 алтын, 2 күміс және 7 қола медаль иеленді.
Еркін күресте Едіге Қасымбек (125 кг) тарихи жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды. Сонымен қатар Камиль Куруглиев (92 кг) күміс жүлде иеленсе, Нұрданат Айтанов (57 кг), Самир Дурсунов (97 кг) және Құл Ғайып Досжан (74 кг) қола медаль алды.
Әйелдер күресі бойынша Анна Стратан (57 кг) қола жүлде жеңіп алды.
Грек-рим күресінде Диас Сейтқалиев (82 кг) күміс, ал Арсен Жұма (55 кг), Юсуф Ашрапов (72 кг) және Темірлан Тұрдақын (87 кг) қола жүлдегер атанды.