«Отан» орденімен марапатталды
22.07.2025
190
0

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен шаһардың мәдениет, әдебиет және өндіріс салаларында ұзақ жыл бойы адал еңбек етіп, ел дамуына үлес қосқан бірқатар азамат­тарға мемлекеттік наградалар табыстады.

Бұл мәртебелі марапаттар «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында өткен салтанатты рәсім барысында берілді.
Осы салтанатты шарада қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Тынымбай Нұрмағанбетов қазақ руханияты мен мәдениетіне сіңірген ерен еңбегі үшін «Отан» орденімен марапатталды. Дархан Сатыбалды қаламгердің ұлттық идеяға адалдығы мен рухани құндылықтарды дәріптеудегі үлесін ерекше атап өтті. Сондай-ақ прозалық және драматургиялық шығармаларымен әдебиет пен театр өнерінің дамуына сүбелі үлес қосқанын атап көрсетті.
Мемлекеттік марапат иелеріне берілген бұл жоғары құрмет – көп жылғы мінсіз еңбек пен халық алдындағы адал қызметтің айғағы.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір