«A’Studio» әндері киноға айналды
10.09.2024
440
0

Еліміздің кинотеатр­ларында режиссер Фархат Шәріповтің «Стоп, ночь» фильмі көрсетіле бастады. Бұл киномюзикл Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген болатын.

Фильмнің сюжет желісі арманы асқақ жас музыкант Бейбіттің арманы мен мұраты айналасында өрбиді. Бейбіт өз мұраты мен әкесінің алдындағы жауапкершіліктің ортасында тепе-теңдік табуға тырысады. Ол – шығармашылыққа құштар, мақсаты айқын, күш-жігерге толы жан. Кейіпкердің өмірінде бәрі жоспар бойынша жүріп жатады, бірақ кенеттен күтпеген оқиға орын алады. Туынды махаббат, достық, шығармашылық тақырыбын қозғайды.
Кинокартинада «A’Studio» тобының 17 әні шырқалады. Мюзиклде тыңдармандардың сүйікті хитіне айналған «Солдат любви», «Тик-так» «Стоп, ночь!» сияқты басқа да әндер орындалады. Көрерменге тосынсый ретінде топтың алғашқы альбомындағы «Алматы» әні қазақша шырқалады. Фильмдегі әндерді «A’Studio» тобының негізін қалаушы, продюсер Байғали Серкебаев өңдеген.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір