«AMANAT» – РУХАНИЯТ ҚОЛДАУШЫСЫ
21.06.2024
867
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «AMANAT» партиясының реформаларды жүзеге асыруға белсене атсалысуға, Қазақ­станды қарқынды түрде қайта құрудың және жаңартудың негізгі қозғаушы күші ретінде әрекет етуге міндет­ті екенін атап өткен болатын. Бұл рет­те, партиялық жобалар және партия жанынан құрылған қоғамдық кеңестер ең өзекті тақырыптар бойынша ұсыныстар әзірлейтін ашық әрі тиімді алаңға айналып келеді. Мұндай қадамдар билік, партия және халық арасындағы жаңа диалог мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі.



Партия «Miras» аймақтық кеңесі, «Кітап-AMANAT» және «Ұлт­тық мұра» партиялық жобалары арқылы руханият­ты дамытуға бағыт­талған жұмыстар жүргізілуде.
«AMANAT» партиясы жанындағы Азамат­тық қоғам мен мәдениет­ті дамыту жөніндегі «Miras» аймақтық кеңесінің бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жыл басынан бері екі отырысы өт­ті. Аталмыш кеңеске облыстық мәслихат депутаты, айтыскер ақын Сырымбек Сәрсембаев төрағалық етеді.
19-наурыз күні өткен алғашқы отырысында маңызды төрт мәселе қаралды, яғни, аталмыш кеңестің құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, жаңа мүшелер таныстырылды. Сондай-ақ, кеңестің 2024 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланып, бекітілді және Атырау облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының облыс көлемінде атқарылатын мәдени-бұқаралық іс-шаралар жоспары таныстырылды.
Ал Өңірлік жол карталарының 2023 жылы орындалмаған тармақтары бойынша облыстық Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының бас маманы Ернұр Нетжанов, облыстық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Талғат Бисен, Атырау қалалық құрылыс бөлімінің өндірістік техникалық секторының меңгерушісі Арнат Оңдасынов ақпарат берді.
Ауыл тұрғындарының мәдени сұраныстарын қамтамасыз ету және халықтың өнер ордаларына қолжетімділігін арт­тыру мақсатында өңірде жаңа мәдениет нысандарын салу қарқынды түрде жүзеге асуда. Өңірлік жол карталарының 57-тармағы бойынша 2023 жылы 4 ауылдық елді мекенде мәдениет үйлерінің құрылыстары толықтай аяқталды. Ал 58-тармақ бойынша 2023 жылы 12 мәдениет нысанына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын. Жыл қорытындысымен 11 нысан жөнделеді деп жоспарлануда.
Бүгінде «Бұқаралық спорт­ты дамыту» бағыты бойын­ша ағымдағы жылдың жоспарына сәйкес 3 спорт нысанының құрылысы жүруде. Бұл жобаларға жергілікті бюджет­тен 724 млн теңге қаражат бөлінген. Бүгінде екі спорт кешенінің құрылысы 100 пайызға аяқталып, табиғи сипат­тағы төтенше жағдай мерзімі алынғаннан ке­йін тапсыру жоспарланып отыр.
Ал маусым айында өткен кезекті кеңес отырысына бұқаралық спорт­ты дамыту мәселесі арқау болды. Аймақта бұқаралық спортпен шұғылданатындардың саны жыл сайын артып келеді. Алайда спорт­тық нысан жетіспейді. Сондықтан, кеңес мүшелері жастардың бос уақытын ұйым­дастыру және спортқа деген қызығушылығын арт­тыруға бағыт­талған іс-шаралар кешенін өткізуге баса назар аударды. Сондай-ақ жиында жастар және жалпыхалықтық спорт мәселелері, мемлекет­тік жастар саясатын дамыту сияқты бірқатар маңызды, стратегиялық мәні зор мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар, Атырау облысы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған сайлау­алды бағдарламасының «Мәдениет» бағыты бойынша «Жол картасының» іске асыру мәселелері туралы есебі тыңдалып, осы жылдар аралығында 56 мәдени нысанға күрделі жөндеу жүргізу мәселесі талқыланды. Сондай-ақ, тарихи және қасиет­ті орындарға ірі қазба жұмыстарын жүргізу және облыстың танымал тұлғаларын, тарихи мұраларды халыққа кеңінен насихат­тау жобаларын іске асыру мәселелері қаралды. Атырау футбол клубы мен «Бейбарыс» хоккей клубының жұмыстарын жандандыру тақырыбы да назардан тыс қалмады. Партияның «Кітап-Amanat» жобасы отандық әдебиетке деген қызығушылықты арт­тыруға, жұртшылықты оқуға ынталандыруға, отандық авторлар мен кітап шығарушыларды қолдауға бағыт­талған. «Кітап-Amanat» орталығында жазушылар, авторлар, баспагерлердің қатысуымен түрлі іс-шаралар, жаңа кітаптардың тұсаукесері мен талқылаулары өтіп тұрады. Аталмыш орталықта бүгінгі күнге де­йін 500-ден астам оқырманды қамтыған 8 іс-шара ұйымдастырылды. Сондай-ақ, оқырманның қызығушылығын тудырған 40 кітап сатылды.
Партияның «Ұлт­тық мұра» жобасының мақсаты – мәдениетімізді қалыптастыру, ұлт­тық тәрбиені арт­тыру. Аталмыш жоба аясында ұлт­тық спорт түрлерін насихат­тау мен дамытуға қолдау көрсету, ұлт­тық мәдени құндылықтарды танымал ету және жаңғырту, мемлекет­тік тілді дамытуға қолдау көрсету бағыт­тары бойынша іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.

Абдолла ИДРЕСОВ,
«AMANAT» партиясы Атырау
облыстық филиалының төрағасы

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір