Halyk Bank және «Халық» қоры Құлсарыға көмектесті
22.05.2024
431
0

Halyk Bank және «Халық» қоры Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлей бастады

«Халық» қайырымдылық қоры Halyk Bank-пен біріге отырып, Атырау облысы Құлсары қаласындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға атаулы қаржылай көмек көрсете бастады. Қордың негізін қалаушы, белгілі меценат Тимур Құлыбаев 31,4 млрд теңге аударды.

«Су тасқынынан зардап шеккендерге жанашырлық танытамын. Алғашқы күндерден бастап біз су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға көмек көрсетіп келеміз. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен біз барлық қиындықты бірге жеңетінімізге сенімдімін», – деді Тимур Құлыбаев.

Айта кетейік, бұл көмек Құлсары тұрғындарының жеке үйлерін қалпына келтіруге бағытталып отыр. Келтірілген залалға тәуелсіз сарапшылар баға береді. Тізімді әкімдіктердің жедел штабы зардап шеккендерден алынған өтініштер негізінде дайындайды.

Еске сала кетейік, осыған дейін «Халық» қоры мен Halyk Bank өз қаражатынан Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Атырау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Алматы, Павлодар, Ұлытау және Абай облыстарындағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қызметкерлердің бір күндік жалақысын қосқанда 1 млрд 445 млн теңге бөлген болатын. Сонымен қатар, «Халық» қорының негізін қалаушы Тимур Құлыбаев Атырау облысын қалпына келтіруге қосымша 30 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Осылайша, су тасқынынан зардап шеккендерге 31,4 млрд теңгеден аса ақша бөлінді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір