Ұлы «Жібек жолы» бойындағы әдебиет
12.02.2024
730
0

Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының Төрағасы Мереке Құлкенов Алматыдағы ҚХР Бас консулының орынбасары Чжун Хуамен кездесіп, әдебиет-мәдениет саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты.
Жиын барысында Мереке Құлкенов екі елдің мәдениет тарихы тым арыдан бастау алатынын, әдебиетте шекара болмайтынын атап өтті.
«Қазақ оқырмандары қытайдың көптеген жазушысын жақсы біледі. Олардың арасында Лу Син, Ван Мин, Лао Шэ, Юань Цзин, Лю Бай-Ю, Юүй Хуа бар. Абайдың қара сөздері, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы», Сәбит Мұқановтың, Мұқағали Мақатаевтың және қазақ әдебиетінің басқа да классиктерінің шығармалары қытай тіліне аударылды. Қазіргі қазақ ақын-жазушыларының шығармалары да аударылып, жарық көруде. Бұл тұрғыда біз ынтымақтастық пен өзара мәдени-әдеби байланыстың жаңа серпінін көріп отырмыз», – деді М.Құлкенов.
Сондай-ақ биыл Қазақстан Жазушылар одағының 90 жылдығы аталып өтетінін және қытай тарапын мерейтойға орайластырылған конференцияларға, әдеби кездесу­лерге және салтанатты іс-шараларға қатысуға шақыратынын хабарлады.
Өз кезегінде Чжун Хуа төраға­ның ыстық ықыласына алғыс білдіріп, ҚХР Жазушылар одағы мен Қазақстан Жазушылар одағының байланыстарын нығайту үшін қазақстандық ақын-жазушыларды Қытайға сапарлай келуге шақырды.
«Біздің жазушылар қазақ­стандық әріптестерімен бірлесе отырып, қытай және қазақ тілдерінде кітап шығаруға ниетті. «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясында құрылған Ұлы «Жібек жолы» бойында орналасқан елдердің жазушылар қауымдастығының ынтымақтастығы арта беруіне тілеулеспін», – деді Чжун ханым.
Қос тарап аударма ісі, жас жазушыларды қолдау, тәжірибе алмасу, екі елдің әдебиеті мен мәдениетін насихаттаудың жолдарын кеңінен сөз етті.
Кездесуге ҚХР-дың Алматыдағы вице-консулы Чжан Ин, Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының орын­басарлары Нұржан Қуантайұлы, Қасымхан Бегманов, Бауыржан Жақып, Ғалым Қалибекұлы, Бейбіт Сарыбай қатысты.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір