«Жаратылысқа мадақ» Ұлы Жібек жолында
11.11.2025
88
0

Қазақстанда бірегей әдеби жоба: Франциск Ассизидің атақты «Жаратылысқа мадақ» (Il Cantico delle Creature) поэмасының қазақ тіліндегі нұсқасы жарық көрді.

Кітапты «R.S. Publishing» баспасы Френсис Ассизидің (1226–2026) қайтыс болғанына 800 жыл толуына орайластырып шығарған. Аударманың авторы – ақын Қорғанбек Аманжол.
Үш тілде жарық көрген туынды Қазақстандағы Италия елшілігі мен Алматыдағы Италия мәдениет институтының бастамасымен, демеушілігімен жарық көрді. Кітапқа мыналар кіреді:
— итальян тіліндегі түпнұсқа мәтін;
— Қорғанбек Аманжолдың қазақша аудармасы;
— орыс тіліндегі нұсқасы қазіргі заманғы жетекші аудармашылардың бірі ақын Ольга Седакованың еншісінде.
Бүкіл әлем алауыздық пен қақтығыстарды бастан кешіріп жатқан заманда «Жаратылысқа мадақтың» қазақ тіліндегі аудармасы терең мағыналы мәдени дипломатияның үлгісіне айналды.
«Бұл ХIII ғасырдың шедеврі ғаламның үйлесімділігін және барлық тіршілік иелерінің бауырластығын дәріптейді. Кең дала, шексіз аспан мен көне көшпелілер даналығы – Қазақстанның рухани дәстүрлерімен таңғалдырады», – деп атап өтті Италияның Қазақстандағы елшісі Антонелло Де Риу.
Кітапта аудармалардан басқа
итальяндық және қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткерлерінің мақалалары мен ой-толғаулары бар. Солардың бірі – италия мәдениеті мен әдебиетінің елімізде қанат жаюына өз үлесін қосып жүрген жазушы Роллан Сейсенбаевтың қазақ тіліне тұңғыш аударған Дантенің «Тозағы».
Басылымға белгілі қазақстандық суретші және фотограф Сарра Есенбайдың 27 түпнұсқалық иллюстрациясы қоса берілген, оның туындылары кітаптың ажарын ашып тұр.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір