АУДАРМА САЛАСЫ АҚСАП ТҰР
Заманбек ӘБДЕШОВ
Биылғы Әдеби жыл қорытындысында аударма саласы бойынша баяндама жасаған аударма кеңесінің төрағасы Заманбек Әбдешов баяндамасын кешегі кемеңгер аудармашыларды еске алып, олардың еңбектерін бағалаудан бастады.
«Аударма туралы сөз қозғар болсақ, кезіндегі кәнігі аудармашылар – Ісләм Жарылғапов, Ғайса Сармұрзин, Ахмет Елшібеков, Хасен Өзденбаев, Жүсіп Алтайбаев, Әбілмәжін Жұмабаев, Нияз Сыздықов, Жұмағали Ысмағұлов, Ғаббас Жұмабаевтардың еселі еңбектерін есімізге түсіреміз. Бұлардың көпшілігі кәсіби аудармашы, марқұм Ісләм ағаның айтуынша, түпнұсқаны «қайта туындатушылар» еді. Сондай-ақ, поэзия туындыларын мөлдіретіп, өзі жазған дүниедей құлпыртып жіберетін Қуан аға Шаңғытбаев, Ізтай Мәмбетов, Сағи Жиенбаев секілді және тағы басқа тамаша ақындарымыз әлем әдебиетінің үздік шығармаларын қазақ оқырмандарының игілігіне жаратып берген жоқ па?» – деді баяндамашы.
Аударма саласы бойынша жыл қорытындысына ұсынылған кітаптар саны аса мол емес екені байқалды. Баяндамашы ең алдымен жазушы Б.Бекжановтың аударма кітабы туралы сөз қозғады.
«Жазушы-драматург Болат Бекжанов деген азаматтың «Сахнадан сыр айтам» деген жинағымен таныстым. Шамасы, шығармалары бірнеше томнан тұратын болуы керек, мұны төртінші том деп атапты. Аудармашының «Жеті лақ», «Түлкі зообаққа қалай келді?» деген өзі жазған ертегілерін былай қойып, Т.Миннулиннің «Альдермыштағы – Альдерман» атты фантасмогориясы мен Валентин Красногоровтың «Әйел тауқыметі» трагикомедиясын қарап шықтым. Жалпы аударма жатық көрінеді. Тек арасында редактор қолымен түзеп жіберетін аздаған әттегенайлар кетіп қалған секілді. Мәселен «официант» сөзін біз баяғыдан «даяшы» деп жүрген жоқпыз ба? Сондай-ақ бір жерінде кейіпкер «қысқарт тіліңді» дейді, қазақ мұны «тарт тіліңді» десе керек еді. Сонсын «пушка» – «зеңбірек» қой, «плен» – «тұтқынға алу», «болота» дейді, «батпақ» емес пе? Алайда шығармадағы өлеңдер жатық, жақсы аударылған екен»…
(Толық нұсқасын газеттің №17 (3651) санынан оқи аласыздар)