ЕҢ ҮЛКЕН МӘДЕНИ БАЙЛЫҚ
25.01.2019
1713
1

Рахманқұл БЕРДIБАЕВ

Жарты ғасыр бұрын

«ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ» ГАЗЕТІНІҢ ЖАРЫҚ КӨРГЕНІНЕ БИЫЛ 85 ЖЫЛ. ОСЫ УАҚЫТ ІШІНДЕ БАСЫЛЫМ ҰЛТТЫҢ МҮДДЕСІН, ТІЛІН, ӘДЕБИЕТІ МЕН ӨНЕРІН ҚЫЗҒЫШТАЙ ҚОРЫП КЕЛЕДІ. ӘСІРЕСЕ ҚАЗАҚТЫ ДӘСТҮРІ МЕН ТАНЫМЫНАН, ТАСҚА ҚАШАЛҒАН ТАРИХЫНАН АЖЫРАТЫП, МӘҢГҮРТ ЕТУ САЯСАТЫ АШЫҚ ЖҮРГЕН КЕҢЕСТІК КЕЗЕҢДЕ ҰЛТҚА АРАША БОЛҒАН ТҰЛҒАЛАР АЗ ЕМЕС. 85 ЖЫЛДЫҚҚА ОРАЙ, СОЛ ТҰСТА КӨТЕРІЛГЕН СОҚТАЛЫ ТАҚЫРЫПТАРДЫ ГАЗЕТТЕ ҚАЙЫРА ЖАРИЯЛАП ТҰРУДЫ МАҚСАТ ТҰТТЫҚ.

Ұлы Отан соғысы қарсаңын­да шығуын тоқтатқан «Қазақ әдебиетi» газетi он бес жылдық үзiлiстен кейiн 1955 жылы 14 қаңтарда қайта жарық көрдi. Оған дарынды ақын Сырбай Мәуленовті Бас редактор етiп қойды. Бұл репрессияның райы қайтқанымен, коммунистiк идеологияның өктемдiгi әбден асқынып тұрған, қаламгерлер халықпен бiрге социалистiк догматизмнiң қасаң да тар шеңберiнде шерменде болған тұсы едi. Барлық баспасөз ол кезде тек қана бесжылдықтар тынысы мен социалистiк жарыс, өндiрiс, шаруашылық пен саяси науқандар, жоспар мен мiндет­темелердiң орындалуы туралы ғана жазып, ұлт тағдыры, жұрт­тың рухани-әлеуметтiк мұң-мұқтажы, мәдени-әдеби, тарихи көкейтестi мәселелерi назардан тыс қалатын. Дәл сол кезеңдегi үлкен мәдени оқиғаның бiрi – көп жылдар бойында тоқталып қалған «Қазақ әдебиетi» газетi­нiң қайтадан шығуы едi, – деп еске алады публицист-ғалым, ұлт мүддесiнiң өткiр мәселелерiн көтергенi үшiн қудаланса да, алған бетiнен қайтпаған Рахман­құл Бердiбай. – Әдебиет газе­тiнiң пайда болуы жұртшылық ойының өрiстеп, жаңа қуатпен қанат жаюына септестi… Өз­гелер­дi қайдам, бiздер, газеттiң сол кездегi жас қызметкерлерi ендiгi жерде баспасөз бетiнде халықтың көкейкестi мәселелерi көтерiлетiн, мұның өзi ұлттық оянуға соны серпiн беретiнiне қатты сенетiн едiк. «Қазақ әде­бие­тi» газетiнiң басшылары Сыр­бай Мәуленовтен, Сафуан Шаймерденовтен, Жұбан Мол­да­ғалиевтен бастап қатардағы қыз­меткерлерге дейiн қалайда үлкен, iргелi мәселелер қозғау ар­қылы халыққа қызмет ету па­рызын терең сезiнетiн. Менiң қаламгерлiк өмiрiм дәл осы тұста басталғанын сәттiлiк санай­мын… Газеттiң үлкен рухани сер­пiлiске түскен жылы елу алтын­шы жыл болды. Дәл осы жылы басы­лым бетiнде қазақ тiлi, тарихы, мәдениетi, ұлт мек­тептерiнiң ая­нышты халi жөнiн­де аса маңызды мақалалар басы­лып, жұртшылық пiкiрi кең көлемде көрiнiс тапқан едi. Ай­талық, газет қызметкерi
Р.Бер­дi­баевтың «Ең үлкен мәдени бай­лық» атты мақаласы қазақ қоғамын дүр сiлкiндiрдi.

….


Мақалада қоғамда белең алып бара жатқан орыстандыру саясатына қарсылық бiлдiрiлген болатын. Иә, дәл осы кезеңнен бастап орыстандыру саясаты ашық түрде кең көлемде жүргiзiлiп жатқан. Ауыл мектептерiн үздiк бiтiрген балалар жоғарғы оқу орындарына түсе алмай, құлайтын болды. Себебi, қабылдау емтиханы кезiнде орыс тiлiнен шығарма жаздыру үрдiс ала бастаған. Осыдан кейiн орыс тiлiнде шығар­ма былай тұрсын, диктанттың өзiн қиналып жазатын қазақы ауыл баласының мүшкiл халын көз алдыңызға елестетiп көрiңiз.
Сонымен, сол тұста жұртшылық пiкiрiн туғызуға мұрындық болған, кезiнде жас авторға атақты қаламгерлерiмiзден жылы лебiз есiттiрген, үкiметiмiздiң 1956-1957 жылдардағы үш қаулысының дүниеге келуiне себепкер болған, автордың өзiне таяқ жегiзiп, ұлтшыл атандырған, «итжеккенге» айдалу­дан басқаның бәрiне душар еткен, қызметiнен шығарғызған, «Социа­листiк Қазақстаннан» бастап «Прав­да» газетiнiң бетiнде сынға ұшыратқан, «Қазақ әдебиетi» газетiнiң жұмысы туралы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетiнiң жасырын қаулысында «саяси қате жiбергендердiң» бiрiншiсi атандырған мақалада не айтылып едi?! Мiне, оқып көрiңiз! Бұдан 51 жыл бұрын жарияланған дүние. Арада жарты ғасырдан астам уақыт өткен. Бүгiнде Тәуелсiз елмiз. Бiрақ, тiлге қатысты сөз таусылып бiте ме осы? Материалды оқи отырып, бұны да ойлай отырыңыз.


(Толық нұсқасын газеттен оқи аласыздар)

ПІКІРЛЕР1
ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір