«АЛТЫН ТОБЫЛҒЫ» КІМДЕРГЕ БҰЙЫРДЫ?
Күні кеше ғана ҚР Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Қоры жыл сайын ұйымдастыратын «Алтын тобылғы» байқауының биылғы жеңімпаздарының есімдері жарияланды.
Осы жылы төртінші рет өткізілген бәйгеге еліміздің түкпір-түкпірінен 18 бен 35 жас аралығындағы жас қаламгерлерден 108 шығарма келіп түскен. Жеңімпаздар «Жылдың үздік прозасы», «Жылдың үздік поэзиясы», «Жылдың балаларға арналған үздік шығармасы», «Жылдың үздік драматургиясы» секілді дәстүрлі аталымдар бойынша анықталды. Әр номинация бойынша сыйақы қоры – 1 миллион теңге. Сондай-ақ, биыл «Алтын тобылғы» «Астананың 20 жылдығы» тақырыбына арналған үздік әдеби туынды» деген арнайы аталыммен толықты. Оның жүлде қоры – 1,5 миллион теңге.
«Алтын тобылғының» кезекті иелері:
1. «Жылдың үздік прозасы» – Айзат Рақыш («Адасқандар»);
2. «Жылдың үздік поэзиясы» – Қайсар Қауымбек («Күңіренбе, молалар») және Айбол Исламғалиев («Жалғыздық картинасы»);
3. «Жылдың үздік балалар әдебиеті» – Алина Гатина;
4. «Астананың 20 жылдығына арналған үздік шығарма» – Шерхан Талап («Астана бояулары»).
Ал, «Жылдың үздік прозасы» аталымы бойынша Тұрсынбек Башаровқа («Чириме») және «Жылдың балаларға арналған үздік шығармасы» аталымында Ақан Марғұланға («Жетіқарақшы») көтермелеу сыйақысы ретінде 500 мың теңгеден табысталды.