«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ 1913-1914 ЖЫЛДАРДАҒЫ САНДАРЫ ЖЕКЕ КІТАП БОЛЫП ШЫҚТЫ
21.09.2018
2109
1

Жақында «Арыс» баспасынан «Қа­зақ» газетінің 1913-1914 жылдарда шық­қан сандары жеке кітап болып жарық көр­ді. Бұл – жинақтардың екінші басы­лы­мы. Құрастырушылар – баспа директоры, философия ғылымының докторы Ғарифолла Әнес, тарих ғылымының докторы Светлана Смағұлова мен Т.Замзаева.

Қазақ ұлттық баспасөзінің қарлығашы, тұңғыш жалпыхалықтық «Қазақ» газеті Орын­бор қаласында алаш арысы Ахмет Бай­тұр­сынұлының басшылығымен 1913-18 жыл­дары үздіксіз жарияланып тұрды. Алғашқы қа­зақ зиялылары мен ұлтшыл алашор­да­шылар осы «Қазақ» газетінің маңына топта­сып, қаламдары мен саяси көзқарастарын ұштады. Кейін олар үлкен саяси күшке ай­налып, «Алаш» партиясы мен Алашорда үкі­метін құрды.
Бұл жинақтарға XX ғасыр басындағы қазақ халқының төл энциклопедиясы іспетті «Қазақ» газетінің 1913-1914 жылдардағы топ­тамалары түгелдей араб әліпбиінен қазіргі жазу үлгісіне көшіріліп, толық күйінде жа­рық көріп отыр. Бұнда ұлтымыздың сол кез­дегі тұрмыс-тір­шілігі, ішкі және сыртқы саяси жағдайы, эко­но­микалық-әлеуметтік, мә­дени, оқу-ағарту, дін мәселелері жан-жақты қамтылған.

ПІКІРЛЕР1
Гүлжиһан Нұрышева 01.10.2018 | 13:47

Қандай жақсы жаңалық! Кітаптың қазақ халқы үшін пайдасы зор болатынына сенімдімін. Кезінде «Қазақ» газетінің материалдарын жәдиттен аударып оқып, біршама қиындық көрген ғалымдардың бірімін, сондықтан қатты қуанып отырмын. Кітапқа еңбек сіңіргендерге көп рахмет!

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір