Ең маңызды актив
27.10.2017
2458
1

Бүгінде Назарбаев университетін бітірген түлектердің жетістіктерін көріп, қуанатын болдық. Олардың көпшілігі әлемнің ең ірі компанияларында тәжірибеден өтуде. Солардың қатарында Назарбаев университетінің түлегі Темірлан СЕЙДАХМЕТОВ те бар. Ол осы оқу ордасынан алған білімі Американын Стэнфорд университетіне магистратурға түсуіне көмектескенін айтады. Қазіргі таңда Америка жасанды интеллект және үлкен деректер аналитикасы (Artificial Intelligence and Big Data Analytics) компаниясында жұмыс істеп жүрген ол келешекте осы жерден алған тәжірибесін өз елінің игілігіне жұмсауға бекініп отыр.


Темірлан СЕЙДАХМЕТОВ, аналитик,
Америка жасанды интеллект және үлкен деректер аналитикасы (Artificial Intelligence and Big Data Analytics) компаниясы


– Назарбаев университетінің студенттері шет­елде жиі тәжірибеден өтеді. Бұл универ­си­теттің шетелмен қарым-қатынасы тығыз бол­­ғандығынан ба, әлде студенттердің өздері тіл білгендігінің арқасында осындай мүм­кін­дікті тиімді пайдаланатындығынан ба? Шет­ел­де алған өз тәжірибеңіз туралы айта кет­сеңіз?
– Назарбаев университетінің студенттері шетелде жиі тәжірибеден өтуінің бірнеше се­бебі бар деп ойлаймын.
Біріншіден, әрине студенттердің ағыл­шын тілін жақсы білгендігі. Кез келген шет­елдегі тәжірибеден өту үшін студент сол ел­дің тілін, немесе халықаралық болып сана­латын ағылшын тілін жақсы білуі керек. Ол тек сөйлеумен ғана шектелмейді, студент сол тілде дұрыс оқып, жаза білгені де жөн. Се­бебі кез келген жерде адамдармен дұрыс қа­рым-қатынас жасау өте маңызды. Со­ны­мен қатар, қазіргі таңда көптеген тәжірибе бағ­дарламалары бар. Бірақ осы тәжірибелерді ұсынып жатқан мекемелердің басым көп­ші­лігі шетелден. Сондықтан олар барлық мә­ліметтерді ағылшын тілінде жазады. Со­ның бәрін оқып, түсініп, қатысу үшін ағыл­шын тілін жақсы білу сөзсіз маңызды. Қа­зір­гі жастар ағылшын тілін өз ана тілдерімен қа­тар жақсы білуі қажет. Бұл осы заманның талабы деп ойлаймын.
Екіншіден, студенттердің шетелде тә­жі­ри­беден өтуіне университет пен про­фес­сор­лар­дың қарым-қатынастарының пайдасы көп тиеді. Мысалы, мен оқыған Назарбаев уни­верситетінің Инженерия мектебінің Ұлыб­ританияның University College London уни­верситетімен тығыз қарым-қатынасы бар. Ол университет Назарбаев универ­си­те­тіне оқу-әдістемелік құралдар мен бағдар­ла­масын дайындауға атсалысып, лабора­то­рияларды жабдықтауға және басқа да са­лаларда көмек жасады. 2013 жылы осы екі университет арасындағы келісім бойынша университетіміздің ең үздік 40 инженері Лон­дон қаласына бір айлық жазғы дайын­дыққа жіберілді, солардың қатарында мен де болдым. Жазғы мектепте біз инженерия ме­неджменті, кәсіпкерлік және ағылшын тілінің сабақтарын алдық. Университет про­фессорлары бізбен өз тәжірибелерімен бө­лісіп, жаңа тақырыптарды үйретті. Сабақтар біз­ге өте пайдалы болды деп ойлаймын. Се­бебі үздік инженер болу үшін бизнес пен ме­неджмент салаларын жақсы түсіну қа­жет.
Студенттердің түрлі тәжірибелерден жиі өтуі үшін, университетте карьера және про­фес­сионалды даму центрі жақсы жұмыс істеуі де өте маңызды. Назарбаев универ­си­тетінің осындай центрі әрдайым Қазақстан мен шетелдердегі тәжірибелер, жұмыстар мен магистратура, докторантура оқулары ту­ралы мәліметтер жіберіп отырады. Сту­дент­тер осылай дүниенің бірталай елдерінде үлкен компаниялар мен үздік универ­си­тет­терде тәжірибеден өтіп, өз оқуларын ары қарай жалғастырады.
– Сіз үшін Назарбаев университеті Қа­зақ­стандағы басқа оқу орындарынан, ең ал­дымен, несімен ерекшеленеді?
– Өзім Қазақстанның басқа оқу орын­да­рында оқымағандықтан, салыстыру біраз қиын. Дегенмен, Назарбаев университетінің басқа оқу орындарымен салыстырғанда бір­неше айырмашылығы бар. Біріншіден, ака­демиялық тұрғыдан сабақтардың бар­лы­ғы ағылшын тілінде өтеді. Бұл сту­денттердің ағылшын тілін жақсы меңгеруіне себеп болады. Екіншіден, Назарбаев универ­си­те­тіне оқуға түсу кезінде бәсекелестік үлкен, сол үшін студенттердің деңгейі өте жоғары. Кез келген университеттің ең маңызды ак­тиві – студенттері болғандықтан, бұл уни­верситеттің жоғарғы сападағы білім беріп, аса білікті мамандарды даярлап шығаруына, және де дүниенің ең қарқынды дамып келе жатқан университеттерінің бірі болуына ті­келей әсерін тигізеді.
– Болашақта осы жерден алған тәжіри­беңіз­ді қандай мақсатта пайдаланбақсыз?
– Назарбаев университетінде алған бі­лім маған американын Стэнфорд Уни­вер­си­тетіне магистратураға оқу­ға түсуіме жәрдем етті. Қазіргі таңда ол уни­верситетті бітіріп, Американың жасанды ин­теллект және үлкен деректер аналитикасы (Artif i cial Intelligence and Big Data Analytics) са­ласындағы үлкен компанияға жұмысқа ор­наластым. Осы жерде дүниенің үздік ма­ман­дарымен бірге жұмыс істеп, тәжірибе жи­нап жатырмын. Келешекте, Отаныма қай­та оралып, алған білімім мен тәжірибемді елі­міздің дамуына қолданамын деп үміт­тенемін.
– Әңгімеңізге рахмет!

Әңгімелескен
Нұрлайым ЖАҚЫПҚЫЗЫ.

ПІКІРЛЕР1
Бәке 03.11.2017 | 19:16

Інім, әдемі! Сұқбатыңа рахмет! Қызымды сендей қылып тәрбиелеуге, білім беруге тырысамын!

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір