Шертпе күйдің шебері
30.03.2017
2503
0

Бүгін сағат  17:00-де Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің концерт залында күйші Мағауия Хамзинді еске алуға арналған шығармашылық кеш өтеді.

Күйші-композитор, домбырашы, шертпе күйдің шебері Мағауия Хамзин Қара­ған­ды облысы, Ақтоғай ауданында өмірге келіп, дәстүрлі музыка өнеріне орасан еңбек сіңірген.
Арқа күйшілік мектебінің ең көрнекті тұлғасы – Тәттімбет Қазанғапұлының шерт­пе күй саласындағы жаңашыл бағыты, оқшау мектеп қалыптастырғаны дәстүрлі музыка әлемінде баршаға мәлім. Тәттімбет күйлерінің терең ойын, философиялық тол­ғамын зерттеп, түйсінген Мағауия Хамзин философиялық мәнге толы шертпе күй­лер­дің үздік үлгісін жалғастырып, уақыт талабына сай қай­та жаңғыртты.
Мағауия Хамзин репертуарында Тәттім­бет­тің «Саржайлау», Тоқаның, Дайра­бай­дың, Аққыз бен Қазақстанның басқа да халық композиторларының күйлері бар. Сонымен қатар, Мағауия Хамзин көптеген тамаша күйлердің авторы. Қазіргі заман тақыры­бына арнап: «Қосбасар» (2 нұсқасы), «Шахтер күйі», «Космонавтар», «Алтын ас­тық», «Жайлау», «Жарыс», «Амангелді тура­лы күй», «Шо­пан күйі», «Белгісіз солдат», «Тоқы­рауын тол­ғауы», «Жас қазақ», т.б. күйлері тыңдармандарға кеңінен танымал.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір