Жамбыл күндері
03.03.2017
1057
0

Алматы облысы, Жамбыл ауданының Жыр алыбы атымен аталған ауылда ақынның туған күніне орай дәстүрлі «Жамбыл күндері» аталып өтті. Салтанатты шараға зиялы қауым өкілдері мен жамбылтанушылар және ауыл тұрғындары қатысты. Жиынды аудан әкімі Жандарбек Далабаев ашып, облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Мұқашұлы Жыр сүлейінің 175 жылдық мерейтойы қарсаңындағы атқарылуы тиіс шараларды атап өтті. Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының бірінші орынбасары, ақын Ғалым Жайлыбай дүлдүл ақынның шығармашылығы жайында терең сөз қозғаса, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Уәлихан Қалижан баяндама жасады. Сондай-ақ, жазушы Нағашыбек Қапалбекұлының «Жамбыл ата» атты скетчі көрермен назарына ұсынылды. Жамбыл ақынды еске алу мақсатында ұйымдастырылған кеш әсем әнмен өріліп, күймен көмкерілді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір