«Алаштан» «Мәңгілік елге» жеткізген тәуелсіздік идеясы
2017 жылы ұлттық мемлекет құру идеясының діңгегі болған «Алаш» партиясы мен Алаш Орда үкіметінің 100 жылдығына орай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих, археология және этнология факультеті мен «Ақ жол» демократиялық партиясының ұйымдастыруымен «Ұлттық идеяға айналған Мәңгілік ел» атты «Дөңгелек үстел» өтті. Алаш идеясын жастарға кеңінен насихаттап, ұлттық рухын, ата-баба дәстүрін ұмытпай, Қазақстанның жаңа жаһандық жаңғыруында ұлттық бірегейлікті қалыптастыру мақсатында Абай атындағы ҚазҰПУ, ҚазМҚПУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих, саясаттану және философия, филология, заң факультеттерінің студенттері өзекті тақырыптарға баяндамалар жасады. «Алаштану» орталығында өткен бұл шарада жастардың арасында еліміздің болашақта даму бағдарламалары қарастырылып, үш тұғырлы тіл мәселесі көтерілді. Әсіресе, студенттердің ішінде Ә.Жанболатова, Ш.Зұлхарнайұлы, Е.Рахатұлы көтерген мәселелері өте қызықты және өзекті тақырыптарға арналды.
Жиынға Қазбек Иса, Ерлан Ақжолұлы қатысып, жастардың баяндамаларын тыңдап, Мәңгілік ел болу идеясының маңызын, жастар арасындағы күрделі проблемалар төңірегінде ой қозғады.
Н.А.Тәсілова,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих, археология факультеті
Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, т.ғ.к.,
М.Д.Байдәулетова, PhD.